Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауылда кооперация дамуда

Ауылда кооперация дамуда

3

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде және өткізуде орталықтандырылған қызметін ұйымдастыру мақсатында ауылда кооперацияны енгізу бойынша және ауыл тұрғындарын тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жеке қосалқы шаруашылықтарын әлеуетін пайдалану жөнінде шараларды іске асыру бойынша Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрілік) жергілікті атқарушы органмен бірлесе ауыл шаруашылығы кооперативтерін (бұдан әрі – АШК) құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша бүгінгі күні жеке қосалқы шаруашылықтарға бірлескен 1 034 АШК құрылды, оның ішінде
2016 жылы – 289 АШК, 2017 жылы – 745 АШК.

Бүгүнгі таңда қайтадан құрылған және қолданыстағы АШК бірқатар проблемалармен кезедесуде, олар АШК жемісті дамуына кедергі жасап жатқанын атап өту керек.

1

Осыған байланысты, Министрлікпен АШК басшыларын және мүшелерін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың және олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерін оқыту мақсатында көшпелі семинарлар өткізу туралы шешімі қабылданды.

Осыған орай, өңірлерде көшпелі оқыту семинарлар ұйымдастыру үшін Министрлікпен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, сарапшы-лекторлар тобы құрылды. Бұл сарапшы-лекторлар біліктілігін арттыру мақсатында 2017 жылғы 10 – 12 қазан аралығында Астана қ. АШК құру және дамыту бағытында келесі мәселері бойынша оқу семинарларынан өтеді:
– менеджмент, АШК қатысушылардың өзара іс-қимыл және басқару;
– АШК мүшелерінің тетіктерінің өзара іс-қимылы және кооперацияда сервистік қызметілер;
– АШК және басқа субъектілерге жер беруіне рәсімдері мен тетіктері;
– АШК және олардың мүшелерін салық салу, сондай-ақ салық заңнамасына жоспарланған өзгерістер;
– АШК тексеру одағыны ұйымдастыру;
– ауыл шаруашылығы кооперациясында аудит және бухгалтерлік есебі;
– ауыл шаруашылығы кооперациясыны мемлекеттік қолдау және қаржыландыру және т. б.

2

Оқу-семинарлар қорытындысы бойынша, сарапшылардан құрылған топ ауыл шаруашылығы кооперативтерінің арасында (16 қазаннан бастап 15 қараша аралығында) республиканың барлық өңірлерде көшпелі түсіндіру жұмыстарын өткізеді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved