Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға арналған «Береке» бағдарламасы 190 мыңға жуық адамға кәсіп ашуына көмектеспек

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға арналған «Береке» бағдарламасы 190 мыңға жуық адамға кәсіп ашуына көмектеспек

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы АӨК өнімдері өндірісінің көлемін арттыру және азық-түліктік қауіпсіздік мәселелерін шешу шараларын іске асыру бойынша брифинг болып өтті.

Брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Е.Ахметов және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Ж.Омаров қатысты.

Е.Ахметов «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы» бағдарламасының шеңберіндегі қаражаттардың сүт қабылдау пункттері және отбасылық бордақылау алаңдарын құратын ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыруға бағытталатын атап өтті.

Ол сүт және еттің 70-80%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарда өндірілетінін хабарлады, ал қайта өндеуші кәсіпорындар тек 60 %-ға ғана жүктелген. Бұл жеке қосалқы шаруашылықтардан ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және тасымалдауға арналған инфрақұрылымның жоқтығымен байланысты.

Қайта өндеуші кәсіпорындардың қуаттылықтарының жүктемелігін қамтамасыз ету үшін сүт тасығыштары бар сүт қабылдау пункттері құрылатын болады. Құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативтері қосымша басқа да бағыттармен жұмыстана алады. Мысалы, жүн және тері дайындау, жеміс-көкөністер дайындау, ара шаруашылығы, отбасылық құс шаруашылығы және тауарлы балық шаруашылығы.

Ұсынылған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 190 мыңға жуық адам жеке қосалқы шаруашылықтардан тұрақты негізде жұмыспен қамтылып оларға өнімдерін өткізу нарығы және тұрақты табыс табуға мүмкіндіктер ашылады. Жаңадан 67 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары ашылады.

Шараларды жүзеге асыру үшін Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерімен бірге облыс әкімдіктері үш жақты іс-шаралар жоспарына қол қояды. Бұл жерде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және жеке қосалқы шаруашылықтарды несиелендіру бойынша индикативті көрсеткіштер көрсетіледі.

Аңықтама: 2016 жылдың соңына дейін 192 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылатын болады, олардың ішінде, 147 сүт қабылдау пункті мен 2786 отбасылық бордақылау алаңын біріктіру жоспарлануда.

Өз кезегінде, қор төрағасы Ж.Омаров ұсынылып отырған ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шараларын қаржыландыру барысы туралы баяндады. Қазіргі таңда барлық өңірлерде ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шараларын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы ауыл халқына микронесиелерді ұсыну шарттары бекітілді. Микронесиелер 6% жылдық мөлшерлемемен 3-7 млн. теңгеге дейін 3-7 жылға берілетін болады. Жеке қосалқы шаруашылықтарға сатып алынатын қондырғыларды кепілге қою арқылы микронесиелер алуға мүмкіндік жасалатын болады.

Аңықтама: жыл басынан бері Қор арқылы сүт қабылдау пунктін және отбасылық бордақылау алаңын құруға 1300 астам өтінім қаржыландырылды. Барлығы 3,13 млрд. теңге сомасына микронесиелер берілді.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus