Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығының органикалық даму болашағы талқыланды

Ауыл шаруашылығының органикалық даму болашағы талқыланды

Х Астана экономикалық форумы аясында азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне арналған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының панельдік сессиясы өтті.

Бұл жылы сессия «Қазақстандағы органикалық ауыл шаруашылығының даму болашағы» тақырыбына арналды.

Панельдік сессия жұмысына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше ауыл шаруашылығы министрлері, республиканың жергілікті атқарушы органы өкілдері, отандық және халықаралық ұйым мен бизнес өкілдері қатысты.

Қоршаған ортаны сақтау мен келешек ұрпақ үшін қор тұрғысынан жаңа заманда органикалық өнімді өндірудің жылдан жылға маңызы артып келе жатқанын атап айта кеткен жөн. Және бұл мәселені талқылау республика үшін өте маңызды болып табылады.

Жерді химияландырудың тарихи төменгі көрсеткіші мен еліміздің табиғи-климаттық жағдайын ескере отырып, органикалық өнімді өндіруге ауысу ауыл шаруашылығының салалық елеулі потенциалын есепке алғанда бұл сегментте Қазақстан әлемдік нарықта заң бойынша көшбасшылық орын ала алады.

Елбасы өзінің «Қазақсатанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің агроөнеркәсіп кешені алдында бірқатар тапсырмалар қойды. Оның ішінде аграрлық экспорттық өнім өндіру, әсіресе, экологиялық таза азық-түлік өндіру бойынша әлемдегі ең ірі өндіруші ел болу керектігін баса айтты.

Қазақстан 2015 жылы «Органикалық өнім өндіру туралы» заң қабылдады. Оны енгізу үшін отандық және шетелдік эксперттер, оның ішінде азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мамандары тартылды.

АӨК-ні дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасында органикалық ауыл шаруашылығын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде салалық ассоциациялар мен одақтар және ауыл шаруашылығы өндірушілері, ғалымдар, халықаралық кеңесшілер кіретін арнайы жұмыс тобы құрылды. Қазіргі күні органикалық өнім өндіруді дамытудың кешенді жоспары зерттелуде.
Жоспар өндірістегі мемлекеттік ынталандыру шарасын, инфрақұрылым мен ұлттық сертификация жүйесін және органикалық өнім өндіруді растауды, ғылыми, кадрлық, ақпараттық сүйемелдеуді енгізетін болады.

Бүгіннің өзінде органикалық өнім 300 мың гектардан артық алқапта өндіріледі. Негізінен дәнді-дақыл, зәйтүн, бұршақ, жемшөптік дақыл және дәрілік шөптер өндіріледі.

Бүгінгі күні Қытай және Персид шығанағы елдері нарықта органикалық өнім өндіру бойынша алдыңғы қатарда.

Вице-Премьер: «Органикалық ауыл шаруашылығын дамыту үшін дұрыс басымдық пен бағдар таңдалғанын байқауға болады және қажетті шаралар да қолданылады. Себебі, органика азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаны қорғауда, табиғи биологиялық әртүрлілікті арттыруда маңызды рөл атқарады» деп атап өтті.

Ең соңында панельдік сессиясының қатысушыларынан түскен ұсыныстар мен сұрақтар бойынша талқылау өткізілді.

Панельдік сессиясының қорытындысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен органикалық ауыл шаруашылығын дамытудың өндірістік ұсынысы болып табылады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus