Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар #Ауыл шаруашылығындағы жетістіктер: Ауыл шаруашылығындағы алғашқы қадамдар

#Ауыл шаруашылығындағы жетістіктер: Ауыл шаруашылығындағы алғашқы қадамдар

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Баспасөз қызметі Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылындағы АӨК саласында жеткен негізгі жетістіктерін назарларыңызға ұсынады.

АӨК саласындағы алғашқы жетістіктер тізбегі агроқұрылымның қаржылық жағдайын жақсартумен байланысты болды. Атап айтқанда, 90-шы жылдардың соңында толық қалыптасып кете алмаған және де негіздері әлсіз ауыл шаруашылығы құрылымдарын банкротқа ұшырату жолымен қаржылық реабилитация және санация жасау туралы теңдессіз шешім қабылданды.

Сол шақтарда тиімді жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жалпы несиелік қарыздың көлемі 67,2 млрд. теңгеге азайды. Яғни, 55% қысқартылды.

Ауыл шаруашылығын өндірушілер үшін салық төлеу жеңілдіктерінің болуы және бюджеттік қарызды кейіннен төлеуге рұқсат ету мәселелері ерекше қарастырылды.

Қазіргі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы кооперативтеріне салынатын салықтық жүктемені азайту жұмыстарымен айналысуда.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus