Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар #Ауыл шаруашылығындағы жетістіктер: Ауыл шаруашылығы үшін несиелік мөлшерлеме азайтылды

#Ауыл шаруашылығындағы жетістіктер: Ауыл шаруашылығы үшін несиелік мөлшерлеме азайтылды

Бағдарлама аясында егістік жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген несиелер беру, ауылдық тұтынушы кооперативтер, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық құрал-жабдықтарын жалға беру, ауылдық несиелік серіктестік жүйесі, шағын несие беру, астық қолхаты және оны кепілдік ретінде пайдалануға бағытталған тиімді қаржы құралдары арқылы несие беру жүйесі қалыптасты.

Жалға беру қатынасын дамытуға арналған және мемлекеттік қолдау бойынша техникалық жабдықтаудың жүйелік жұмыс шаралары аргоқұрылымды энергиялық жабдықтау жүйесінің жақсаруына алып келді.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін несиелік ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы мақсатта «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ құрылды. Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ қатысуымен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін жылына 9%-дан аспайтын сыйақымен берілетін республиканың 13 облысында 161 несиелік кредиттік серіктестіктер құрылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus