Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар #Ауыл шаруашылығындағы жетістіктер: АӨК дамытуға заңнамалық қолдау

#Ауыл шаруашылығындағы жетістіктер: АӨК дамытуға заңнамалық қолдау

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы», «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР заңдары қабылданып, негізгі қағидаларды айқындайтын заңға тәуелді нормативтік актілер бекітіліп, элеваторларға лицензия беру жұмысы аяқталды.

Қолданыстағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Астық туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасының механикалық көлік құралдары және олардың тіркемелерін техникалық тексеруден өткізу, оларды мемлекеттік тіркеу мен есепке алу туралы заңнамалық актілеріне тұжырымдамалық өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген заңдар еліміздегі аграрлық сектордың бұдан әрі дамуына зор үлесін қосты.

Аталмыш нормативтік актілермен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында (www.mgov.kz) танысуға болады.
ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus