Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығын дамытудағы Қазақстан-Қытай ынтамақтастығы

Ауыл шаруашылығын дамытудағы Қазақстан-Қытай ынтамақтастығы

1
Бүгін Қытай Халық Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің шақыруымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов жұмыс сапарымен Бейжіңге барды.
Жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов ҚХР Ауыл шаруашылығы министрі Хань Чанфу, ҚХР сапаны қадағалау, инспекциялау және карантині жөніндегі бас басқармасының төрағасы Ци Шупин және де қытайдың ірі компанияларымен екі жақты кездесу өткізді.
Кездесу аясында Қазақ-Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы саласын дамыту, инвестициялық жобалар, органикалық және ветеринария саласын дамыту барысы талқыланды.
Қытай Халық Республикасы Қазақстан экономикасының сондай-ақ, агроөнеркәсіп секторының өсуі мен дамуында Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады.
Сапар барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Сапаны бақылау, инспекциялау және карантин басқармасының басшысы Қазақстан Республикасынан союға жіберілген жылқы жануарларына арналған карантиндік және денсаулық сақтау туралы хаттамаға қол қойды.
Сонымен қатар, қазақстандық және қытайлық компаниялар арасында сауда саласында және агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар тарту бойынша ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды. Атап айтар болсақ:
1. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ мен «State Development and Investment Corporation» арасында Оңтүстік Қазақстан облысында Агроөнеркәсіп кешен салу туралы Меморандум;
2. «КазАгро» ҰБХ»АҚ және «Grand China Business Management Co.» компаниясы арасында бірінші класты бидай өнімдерін өсіруді ұйымдастыру жобасын қаржыландыру бойынша Меморандум;
3. «Азық-түлік корпорациясы» АҚ мен Dalian Commodity Exchange арасында көтерме сауда орталықтарының желісін құру және тауар биржасын ұйымдастыру туралы Меморандум;
4. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ мен «Grand China Business Management»LTD арасында 20 мың тонна бірінші класты бидайдың экспортына қатысты келісім;
5. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ мен «Grand China Business Management» LTD арасында 2 мың тонна өсімдік майын экспорттау туралы келісім;
6. 2018-2024 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы «Қазақстанның ет ассоциациясы» ҚҚ және CITIC Construction арасында қара мал мен сиыр еті өндірісі және экспорты үшін инфрақұрылым құру туралы келісімдерге қол қойылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus