Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры терминал арқылы төлемдерді енгізді

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры терминал арқылы төлемдерді енгізді


«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қарыздарды өтеудің жаңа әдісін енгізді. Енді Қордың қарыз алушылары «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның терминалдары, банкоматтары және интернет-банкинг жүйесі арқылы несиеге төлем жасай алады.

Республиканың барлық тұрғындары, аймаққа және тұрғылықты жеріне қарамастан, несиені ыңғайлы түрде өтей алады. Біздің компания «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен бірлесе отырып, банк бөлімшелеріндегі терминалдар, банкоматтар және интернет-банкинг арқылы несиелерді өтеуге мүмкіндік беруді қарастырды. Бұл уақытты ғана емес, ақшаны да үнемдеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның бөлімшелері аудан орталықтарының көбісінде жұмыс істейді, оларда 694 банкомат және 94 терминал орнатылған.

Тарифтерді салыстырсақ, банк кассалары арқылы қарызды өтеу үшін комиссия – 250 теңге, ал банкомат немесе терминал арқылы – 70 теңге алынады. Интернет арқылы «Starbanking» жүйесі арқылы төлемдер ақысыз болады, ол үшін банкке өтінім жазып, логин мен парольді алуыңыз қажет.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved