Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы жерлерін суару және шегіртке зиянкестерінен қорғау мәселелері бойынша шешім қабылданды

Ауыл шаруашылығы жерлерін суару және шегіртке зиянкестерінен қорғау мәселелері бойынша шешім қабылданды

Қазақстанның географиялық орналасу ерекшеліктеріне қарай мелиорациялау мәселесі бірінші кезекте оңтүстік өңірлерде ең өзекті болып табылады. 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптің кешенді дамыту бағдарламасында Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары және тұрақты өнім алу үшін жер және су ресурстарын пайдалануды арттыру мақсатында гидрология, топырақ және агроклиматтық жағдайларын жақсарту, ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық іс-шаралар кешенін ұсынды.
Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеевтің төрағалығымен Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарының өкілдері қатысқан жиын болды.
Оңтүстік Қазақстан облысында судың жеткілікті мөлшерде болмауына, жер асты суларының деңгейінің жоғарылығына және топырақтың тұздануына байланысты пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерінің бар екендігін атап өтті. Суармалы жерлердің тұздануы жер асты суларының күрделі ағыны мен осы аумақтардағы жеткіліксіз дренаждық аудандарда кездеседі (бұл өзен алқаптары мен тау бөктеріндегі алаңдар).
Су ресурстарын тиімді пайдалану үшін тамшылатып суару жүйесін енгізу бойынша бағдарлама әзірленді. Атап айтқанда, бұл жүйе су жетіспейтін және күрделі өңірлік жерлерде енгізілуде.
Жиналыс барысында Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және суару жүйесін қалпына келтіру және 600 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізу туралы Елбасы тапсырмаларын орындау аясында мелиорациялық жүйелерді дамыту перспективалары талқыланды.
Әрі қарай шегіртке зиянкестерімен күресу бойынша химиялық іс-шаралардың орындалуы туралы сұрақтар талқыланды.
2018 жылы зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің және карантинді объектілердің таралуы 5,1 млн. гектар алаңда, оның ішінде үйірлі шегіртке зиянкестері 1,92 млн. гектар, дәнді дақылдардың аурулары 2,4 млн. гектар, саяқ шегірткелер 444,0 мың гектар алаңда таралады деп болжамдалуда.

Аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді организмдерге қарсы қорғау іс-шараларына республикалық бюджеттен 3,57 млрд. теңге бөлінді.
Республика бойынша барлығы 540 бірлік бүріккіш техникаларын жұмылдыру жоспарлануда (37 ұшақ, 31 аса жеңіл авиация (АЖА), 33 аэрозольді генераторлар, 141 ультра аз көлемдегі бүріккіштер (УАКБ) және 192 иыққа ілетін бүріккіштер). Анықтама: 2017 жылы 330 бірлік техника жұмылдырылды.
Үйірлі шегірткеге қарсы жұмыстар оңтүстік өңірлерде 2018 жылдың 10 сәуірінен басталды. Сонымен қатар, итальяндық шегірткеге және азиялық шегіртке қарсы қорғау шаралары қабылданатын болады.
Шегірткеге және олардың таралуына мониторинг жүргізуді нақты бақылау үшін GPS трэкерлер мен GPS навигаторлар қолданылатын болады, олар ГАЖ жүйесін пайдалана отырып координаталарды және тиісті салыстырулар жолымен республика аумағының фитосанитарлық жай-күйін, оның ішінде өңірлердегі шегірткелер бойынша нақты көрінісін көрсететін болады.
АӨК-ті цфрландыру шеңберінде аса қауіпті зиянды организмдердің, оның ішінде шегіртке зиянкестерінің таралу ошақтарының электрондық картасы құрылады және картаға түсіру жұмыстары жүргізілетін болады.

ҚР АШМ Қоғаммен
байланыс басқармасы

+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved