Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға 49 жылға жалға беру институтын сақтап қалу ұсынылды

Ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға 49 жылға жалға беру институтын сақтап қалу ұсынылды



Бүгін Астанада Жер реформасы бойынша комиссияның кезекті отырысында осы бағыттағы бұған дейінгі атқарылған жұмыстар екшеліп, нақты ұсыныстар жасалды. Сондай салмақталып, сараланған ұсынымның бірі – ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларына 49 жылға дейінгі мерзімге жалға беру институтын сақтап қалу мәселесі болды.

Атап айтқанда, тұрақты мониторинг жүргізу арқылы жер пайдаланушыларының жерді ұтымды пайдалануына және өзіне берілген міндеттемелерді орындауына бақылауды күшейту. Яғни, жалға алудың алғашқы 5 жылында – жыл сайын, одан кейінгі кезеңдерде суармалы егістіктерде әр 3 жыл сайын, тәлімі жерлерде әр 5 жыл сайын мониторингілеу ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, Жер кодексінде ауыл шаруашылығы жерлерін берудің жеке және егжей-тегжейлі регламенттейтін тәртібін белгілеу, ауыл шаруашылығы жерлерін беру жөніндегі конкурстардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін конкурс комиссиясының құрамына қоғамдық кеңестер мен бірлестіктердің өкілдерін қосу, әкімдіктердің ауыл шаруашылығы жерлерін беру жөніндегі нақты іс-қимылдары тәртібін белгілейтін конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу ортаға тасталды.

Жалға беру мерзімін бизнес-жоспарға сәйкес инвестициялар көлеміне қарай айқындау, оның ішінде, жалдау мерзімін ұзарту туралы шешімді қоғамдық кеңестер мен бірлестіктердің қатысуымен, жерді пайдалану мониторингінің және жалдау шартының талаптарын тиісінше орындалуының нәтижелері бойынша қабылдау қажеттілігін айқындау, жер пайдаланушылардың міндеттері мен жауапкершілігін нақтылай және күшейте отырып, ауыл шаруашылығы жерлерін жалға берудің үлгілік шартын әзірлеп бекіту, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың талаптарын күшейту мәселелері де атап өтілді.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Комиссиямен 4 отырыс және Ақмола, Алматы, Қызылорда және Атырау облыстары тұрғындарымен 4 кездесу өткізілді. Қоғамның қызу талқысына түскен мәселелер бойынша Комиссия тиімді жұмыстар атқарып, халықпен қолдау тапқан ұсыныстар енгізілді.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus