Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

     1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақысыз

Қызметті көрсету мерзімі

       Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары айқындаған өткізу мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады;
Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшерме беру – 30 (отыз) минут

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

     1) ауыл шаруашылығы жануарларын бастапқы бірдейлендіру үшін ветеринариялық паспорт беру:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжатдың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
чиптер үшін ақы төленгенін (чиптен кезінде) растайтын кұжат;
      2) сырға (сырғалар) жоғалған немесе бүлінген кезде телнұсқасын алу үшін ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру өткізу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
3) жоғалған немесе ескірген кезде ветеринариялық паспорттың телнұсқасын алу үшін:
ветеринариялық паспорттың екінші нұсқасын алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (ветеринариялық паспорттың жоғалғанын, бүлінгенін растайтын құжаттардың қосымшасымен қоса) өтініш;
жеке басын куәландыратын құжатың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
      4) ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
порталға ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін электронды құжат нысанындағы өтініш

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

     Ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру тәсілдерінің бірімен жануарларға ветеринариялық паспорт бере отырып жеке нөмір беру, телнұсқа беру, ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беру.

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz/cms/kk/government-services/for_busunesses/pass310_msh

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

«Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011959#z413

 

Қызмет стандарты

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus