Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған іскерлік ойын

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған іскерлік ойын


Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ет өндірісінің зәкірлі кооператив қатысушыларына арналған «Іскерлік ойын» форматындағы оқыту семинарының аясында жобаларды басқару элементтерімен танысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты агробизнесті заманауи бизнес-процестерге тарту және ашық бизнес-ортаны құру болды.
Оқыту семинарында бордақылау алаңдарының басшылары, серіктес фермерлер, облыстық және аудандық әкімдіктердің және қаржы институттары филиалдарының өкілдері қатысты.
Ойынға қатысушыларға Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі А. Евниев етті мал шаруашылығын дамытудың бағдарламасымен таныстырды. Бағдарлама негізін ІҚМ өсіру бойынша фермерлік шаруашылықтар, заманауи ет өңдеу кешендер, өнеркәсіптік бордақылау алаңдарынан тұратын зәкірлі кооператив нысанында құрылатын отбасылық фермалар түріндегі шағын шаруашылықтар құрайтын болады. Сиыр, қой және жылқы шаруашылығымен айналысатын 80 мың отбасылық шаруашылықты құру, пайдаланылатын жайылымдар алаңын 58 млн. га-дан 100 млн. га кеңейту, ІҚМ басын 15 млн. бас, қойды 30 млн. бас ұлғайту көзделеді. Сондай-ақ, бағдарламада жеке талаптарын қолдау қарастылған: басым жер учаскелерін бөлу, шаруа қожалықтарына мал басын сатып алуға жеңілдікпен кредит беру, техника мен құрал-жабдықтар сатып алуға, жайылымның инфрақұрылымын құру.

4 команданың қатысуымен іскери ойын нақты өндірістік жағдайларды имитациялау негізінде өткізілді. Оңтайландырылған жұмыс әдісінің моделін жасау нақты қатысушылардың әрқайсысына белгілі бір ережелердің шеңберінде рөл атқаруға, шешімдер қабылдауға және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бір ойынның шеңберінде қатысушылар оңтайлы шешім табу жолдарын іс жүзінде меңгеруге және қолдануға үйрену үшін бірнеше басқару тетіктері мен құралдарын енгізе алды. Әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы ұнаған командаға дауыс беру мүмкіндігі болды. Бұл өз кезегінде, нәтижелерді қорытындылау және жеңімпазды анықтау кезінде ескерілді.
Аталған шараны өткізу мақсаттарының бірі қатысушылардың (мемлекеттік органдар, бизнес, қаржы институттары) бір-бірімен өзара түсінікті және қол жетімді коммуникациялық қарым-қатынастың тиімділігін көрсету болып табылады.
Бүгінгі “Neo Nomad” іскерлік ойынның қорытындысы бойынша Қарағанды облысы Осакаров ауданының «Фермер» тобы жеңімпаз атанды.

Осындай іс-шараларды өткізу ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өздерінің құзыреттілігі мен білім деңгейін айтарлықтай арттыруға, соның ішінде жобалық басқару түсінігін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.
Жобалық басқарудың осындай элементтерін енгізу бірлескен табыстың негізі. Саланы дамытуға жаңа көзқарасты талап ететін, Елбасы Жолдауында көрсетілген агроөнеркәсіптік кешен алдында еңбек өнімділігін түбегейлі ұлғайту және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімі экспортының өсімін кемінде 2,5 есеге арттыру міндетін орындау болып табылады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved