Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігінде азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заң жобасын талқылау мақсатында қоғамдық тыңдау болып өтті

Ауыл шаруашылығы министрлігінде азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заң жобасын талқылау мақсатында қоғамдық тыңдау болып өтті

1470

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде азаматтық қоғам белсенділерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 18 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға моратоий енгізу туралы» № 248 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» № 308 Жарлығын орындау үшін әзірленген «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қоғамдық тыңдау болып өтті.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге байланысты Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген нормаларға мораторий мерзімін ұзарту болып табылады.

Айта кетсек, мораторий мерзімі 5 жылға ұзартылады – 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Кездесу барысында қатысушылар заң жобасының мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, бүгінгі күні заң жобасы ҚР Премьер-Министрінің кеңсесіне ұсынылғанын және ҚР Парламент Мәжілісіне ұсынылуға жұмыстар жасалып жатқанын айтып өтті.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus