Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша кеңейтілген селекторлық кеңес өткізді

Ауыл шаруашылығы министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша кеңейтілген селекторлық кеңес өткізді

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру аясында, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі онлайн режимде кеңейтілген селекторлық кеңес өткізді. Кеңесте ауыл шаруашылығы саласында жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігін азайту мәселелері қарастырылды.

Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, облыстардағы ауыл шаруашылық басқармалары мен әкімшіліктердің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, ҚР АШМ территориялық бөлімшелері мен ведомстволық бағынышты ұйымдарының, басқа да мемлекеттік органдардың, АӨК дамыту бойынша Қоғамдық кеңес пен «Жаңару» Республикалық қоғамдық бірлестігінің, «Нұр Отан» партиясы ұйымының, Қазақстан Азаматтық Альянсының, Фермерлер Одағының, құс өсірушілердің, ауыл шаруашылығы тауарлар өндірушілерінің өкілдері қатысты.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А. Шпекбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен өткен, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық қаупі туралы ішкі талдаудың қорытындысын жариялады.

Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын жасау, жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында кеңеске қатысушыларға жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық фактілері бойынша видеоматериалдар көрсетілді.

ҚР АШМ жауапты хатшысы Е.Көшербаев қатысушыларға АШМ саласында мемлекеттік қызмет көрсету мен рұқсат құжаттарын беру кезінде жемқорлықты болдырмау және жемқорлықтың алдын-алу мақсатында Министрліктің атқарған іс-әрекеттері туралы баяндады.

Еске сала кетсек, Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялауды мемлекеттік қызмет көрсету форматына көшіру туралы алғашқылардың бірі болып Үкіметке ұсыныс берген болатын. Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету тізімінде субсидиялаудың 18 түрі бар . Сонымен қатар, бұл тізім жыл сайын артуда. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу әдістерінің бірі – субсидиялау процесін автоматтандыру (2016 жылы АШМ автоматтандырылған қызмет көрсетудің саны 56-дан 65-ке артты). Бұл Мемлекеттік қызметкерлер мен субсидия алушылардың тікелей байланысын азайтуға мүмкіндік береді. Жүйені автоматтандыру арқылы жемқорлықтың алдын аламыз.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі әртүрлі заң жобаларын, бағдарламаларды, тәртіптерді, т.б. жетілдіру арқылы аграрлық саясатты қалыптастырады. Ал негізгі іс-әрекеттер тікелей жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдарда, шенеунік қызмет қабылдаушылармен тікелей жұмыс жасағандықтан, жемқорлыққа жол берілу қаупі жоғары. Мысалға, ауыл шаруашылығы басқармасы, ветеринарлық қызмет көрсету ауыл шаруашылығы министрлігі енгізген функцияларды атқарғанымен, жергілікті атқарушы органдарға бағынышты. Сондықтан, көбінесе тұтынушы мен қызмет көрсетуші адам арасында орын алатын олқылықтарға байланысты қоғамда теріс пікір қалыптасуы мүмкін.

Кеңесте жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігін азайту үшін субсидия бөлу, көктемгі егістік жұмыстарына жанармайды арзандату және несие қарастыру мәселелері талқыланды.
Селекторлық кеңеске барлығы 600 адам қатысты.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика