Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қарағанды облысының аграрларына кооперация туралы түсіндіру

Қарағанды облысының аграрларына кооперация туралы түсіндіру


Шаруалар кооперативтерге біріге отырып өз жерінің иесі болып қалады, өзінің заңды мәртебесі мен мүлкін сақтап қалады. Алайда, осы ретте олар өз өндірісін дамытуға және пайда алу үшін үлкен мүмкіндіктерге ие болады. Бұдан басқа, кооперация түрлі мемлекеттік қолдауға қолжетімділікті кеңейтеді. Бұл туралы Қарағанды облысында өткен АӨК өкілдерімен ауылшаруашылық кооперациясын түсіндіру жөніндегі ҚР АШМ Жұмыс тобының кездесуінде айтылды.

Бүгінгі күні Қазақстанның барлық өңірлерінде ауылшаруашылық кооперациясының негізі бойынша, кооперативтерге біріккен ауылдағы шағын нысандағы шаруашылықты жүргізуді мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын естеріңізге саламыз. Қарағанды облысының тоғыз ауданындағы ауыл тұрғындарымен кездесу және ақпараттық жұмыс жүргізетін топқа «ҚазАгро» ұлттық холдингінің құрамындағы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының және Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ҰЗИ өкілдері кірген.

Қордың өкілі Армат Байзақовтың айтуы бойынша, облыста қазіргі уақытта 92 мың жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) бар. Олар сүттің барлық көлемінің 79,8%-ын, сиыр етінің 74,5%-ын, көкөністің 46%-ын өндіреді. Жалпы республика бойынша 1,5 млн. астам ЖҚШ жұмыс істейді, олардың өндіріске үлестік салымы мынадай: ет 62%-ды, сүт -80%-ды құрайды. АШМ тұжырымдылық ұсынысы ЖҚШ және шағын шаруа қожалықтарының, фермерлік шаруашылықтардың өндірістің және ауылдағы өмір сүру деңгейінің қозғаушы күші ретіндегі әлеуетін пайдалану үшін кооперацияны көлемді дамытудан тұрады.

Топтың түсіндіру жұмысы Қарағанды облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары Шагурашид Мамалиновтың қатысуымен өткен селекторлық кеңестен басталды және Бұхар-Жырау және Абай аудандарының ауыл тұрғындарымен өңірлердегі кездесулеріне жалғасты.

Талқылау барысында атап өтілгендей, шағын түрдегі шаруашылық жүргізудің негізгі проблемаларының қатарында – өндірілген өнімді кепілдікпен өткізудің және оны нарыққа дейін немесе қайта өңдеуші кәсіпорындарға дейін жеткізу мүмкіндіктерінің болмауы; салынған қаражатты жаппайтын сатып алу бағасының төмен болуы; жоғары шығындар мен тұқымды, тыңайтқыштарды, ЖЖМ, жемшөптерді сатып алуға қажет қаражаттың болмауы; жеке ауылшаруашылық техникасының, жабдықтардың, көліктің болмауы; мемлекеттік қолдау шараларына (инвестициялық субсидиялар, жеңілдікті несиелер және басқалар) қол жетпеу.

Осы ретте, ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігудің айқын пайдасы атап өтілді – өнімді делдалдың көмегінсіз тиімді өткізуді бірлесіп ұйымдастыру; өнімді сақтау және қайта өңдеуді бірлесіп ұйымдастыру (көкөніс сақтау қоймасы, сүт қабылдау пункті, бордақылау алаңы, жемшөп цехы); мемлекеттік қолдауға қолжетімділік (жеңілдікті несиелендіру, өнім өндіруге арналған ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарды сатып алуға инвестициялық субсидиялар) және т.б.

Ауылшаруашылық кооперациялары мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық бірыңғай call-центр іске қосылғанын атап өту қажет. 8 8000 80 80 10 нөмірі бойынша (барлық бағыт бойынша қоңыраулар тегін) Қазақстанның әр тұрғыны ауылшаруашылық кооперацияларын құру мәселелері бойынша, кооперативтерді мемлекеттік қолдау түрлері, қаржыландыру шаралары, кооперативке қатысушылар үшін артықшылықтар туралы консультация ала алады.
Дерек көзі:www.kazagro.kz

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика