Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 2016 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанның ауыл шаруашылығы едәуір өсімін көрсетті

2016 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанның ауыл шаруашылығы едәуір өсімін көрсетті

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті, жиын барысында министрлер кабинеті 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бюджеттің орындалуы туралы есеп берді.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов өз есебінде баяндағандай, еліміздің аграрлық саласы үшін өткен жыл аса табысты болды. Өнімдер өндірісінің өсімі 5,5% құрады. Жалпы астық жиынтығы 23,7 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылғыдан 4 млн тоннаға көбірек. Көкөніс және бақша өнімдерінің түсімі жарты миллион тоннаға артып, 5,8 млн тонна деңгейіне жетті. Бұл тұста өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндіру – 7,8%, мал шаруашылығы – 2,7%, азық-түлік өнімдері – 4% артты.

Негізгі капиталға инвестициялар 1,5 есеге артты. Импорт 13% төмендеді. Астық өнімдерінің экспорты 8,6 млн тоннаны немесе өткен жылғымен салыстырғанда 21% артық мөлшерді құрады. «ҚазАгро» желісі бойынша 41 млрд теңге сомасына 56 инвестициялық жоба енгізілді.

Сонымен қатар, сала жетекшісі Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді шешу үшін негізгі тәсілдерді атап өтті. Атап айтқанда, 11 тиімсіз субсидия түрі алынып тасталады, 35 субсидия түрінің нормативтеріне өзгерістер енгізіледі. Соның нәтижесінде бюджеттің сол бір көлемінде өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларымен қамту 7,5 есеге артады. Сондай-ақ, субсидиялаудың тиімділігін одан әрі арттыру үшін сақтандыру бойынша заңнамаға өзгерістер енгізіледі.

«Сіздің тапсырмаңыз бойынша өткен жылы 15 мың ЖҚШ қамтумен 157 кооператив құрылды. Олардың базасында жүзден аса сүт қабылдау пункттері мен жеті мың отбасылық мал азықтандыру алаңдары ұйымдастырылды», – деді А. Мырзахметов Мемлекет басшысына берген есебінде.

Биыл құрылатын кооперативтер саны екі есеге дейін арттырылады. Жалпы, алдағы бес жылда кооперативтердің қызметтерімен жарты миллион ЖҚШ пен ұсақ шаруашылықтар қамтылатын болады.

Жолдау мен АӨК дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында көзделген басқа да міндеттердің қатарында ведомство басшысы мамандар әзірлеуді, тиімді әлемдік технологияларды іздеуді, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуды, жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыруды және суармалы жерлер аумағын көбейту мен жайылымдарды суландыруды атап өтті.

primeminister.kz

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus