Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігі «Dunbia» компаниясымен (Ұлыбритания) ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Dunbia» компаниясымен (Ұлыбритания) ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеевтің төрағалығымен «Dunbia» компаниясының (Ұлыбритания) құрылтайшысы және иесі Роберт Джон Добсонмен кездесуі өтті.

Кездесуге Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісі М. Гиффорд, «ҚазАгро» АҚ және «Қазақстанның Ет одағы» өкілдері қатысты.

«Dunbia» қызыл ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша жетекші компаниялардың бірі, оның ішінде бөлшек және көтерме саудада сиыр еті, қой еті мен шошқа етін өндіру, жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде тамақтандырумен айналысады.

Аталған компанияға Ұлыбритания мен Ирландия елдерінен 25 кәсіпорын кіреді, онда 1 миллионнан астам ірі қара мал және 3 миллионнан астам қой бар. Өндірісте 30 мыңнан астам фермер және 7 мың адам жұмыспен қамтылған. Компания әлемнің әртүрлі елдерінде 50-ден астам өкілдіктері бар.

Кәсіпорын тұрақты экономикалық өсімді көрсете отырып, олардың айналым қаражаты 2 млрд. евроны құрайды.

Dunbia еуропалық нарыққа жоғары сапалы өнім жеткізуші болып табылады, оның ішінде «McDonalds», «Tesko», «Spar», «M&S» ірі сауда желілерімен жұмыс жасайды.

Сондай-ақ, компания агроөнеркәсіптік кешенде мамандар дайындайтын еуропалық университеттермен, соның ішінде компания үшін гранттармен жұмыс істейді.

«Dunbia» компаниясы өз өнімдерін жақсарту үшін ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді арттыру жұмыстарын белсенді түрде инвестициялайды. Негізгі бағыты тұқымдарды асылдандыру, тұрақтандыру режимі мен рационға арналады.

Кездесу барысында Батыс Қазақстан облысында «Crown Batys» бірлескен жобасына инвестиция салу мәселелері, ет өңдеу зауыттарын басқару және Ұлыбританиядағы «Dunbia» зауыттарында оқыту, ветеринарлық қауіпсіздік консалтингі, азық-түлік қадағалау саласындағы ынтымақтастық, Ұлыбританияның тәжірибесіне негізделген азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved