Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігі 84 мемлекеттік қызмет көрсетеді

Ауыл шаруашылығы министрлігі 84 мемлекеттік қызмет көрсетеді

Қазіргі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ішіндегі аса сұраныстысының бірі – әкімшілік органның жабайы фауна мен флора түрлерін саудалау бойынша халықаралық Конвенциясы аясына кіретін құрып кету қауіпі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қызметі болып отыр.

Бұл қызмет Конвенцияның қосымшасына кіретін құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы Конвенция, заңсыз экспорт, кері экспорт және тірі жануарлар мен олардың бөліктерін импортқа шығару аясында құрылған.

Айта кетейік, бұл қызмет электронды форматта жүзеге асырылады. Өтініштерді қабылдау «электронды үкіметтің» www.elicense.kz веб-порталында іске асады. Сонымен қатар, жазбаша түрде өтініш беруге рұқсат етіледі.

Бекітілген стандартқа сәйкес қажет құжаттардың сканерленген көшірмесін порталдағы мәліметтер формасы бойынша толтыру керек.

Бұл операцияны өтініш беру порталы арқылы интернетке қолжетімді кез келген жерден орындауға болады.
Аталған мемлекеттік қызметтің қорытындысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет стандарты ҚР АШМ сайтында орналастырылған.

Анықтама: а.ж 10 қазандағы жағдай бойынша 153 қызмет көрсетілген.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus