Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің оңтайлы жақтары насихатталады

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің оңтайлы жақтары насихатталады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қ.Айтуғанов Түркістан қаласындағы «Мамлакат» ЖҚШ жұмысымен таныстыру барысында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовке қазіргі уақытта барлық жұмыстарды жүйелендіру үшін Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктері және облыс әкімдіктері арасында үшжақты іс-шаралар жоспарларына қол қойылып жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол Ауыл шаруашылығы министрлігінде барлық өңірлерге шығып, ауыл тұрғындары арасында ұсынылып отырған шаралардың басымдылығын, ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің оңтайлы жақтарын және ауыл шаруашылығын мемлекет тарапынан қолдау бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізетін арнайы жұмыс тобы құрылғанын хабарлады.

«Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту механизмдерін жүзеге асыру бойынша аудандық және ауылдық әкімдерді жүйелік негізде оқыту жүргізілетін болады. Біз осы бағытта жұмыс жасаудамыз», – деп атап өтті Қ.Айтуғанов.

Айта кетейік, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен өткізуіндегі қызметті орталықтан ұйымдастыру үшін сүт қабылдау пунктерін, мал бордақылау алаңдарын құру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру басты міндет. Құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қосымша жүн мен тері, бал шаруашылығымен, құс шаруашылығымен, тауарлы балық шаруашылығымен айналысуына болады. Осылайша қайта өңдеу қуаттылықтарын жүктеу, тұрғындарды жұмыспен қамту, қайта өңдеу өнімдерінің жалпы өндірісін арттыру, өнімдердің импортын алмастыру мәселелерін шешуге болады.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus