Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы кооперативтерін қаржыландыруға 10 млрд.тг бөлінуде – Қ.Айтуғанов

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін қаржыландыруға 10 млрд.тг бөлінуде – Қ.Айтуғанов

1470

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдау үшін жаңа несиелік бағдарламалардың әзірленгенін атап өтті.

«Жаңа қаржылық құралдар ең алдымен, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, Ынтымақ – ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға, Игілік – ауыл шаруашылығы малдарын өсіруге, Бірлік – сүт қабылдау пункттерін құруға, Береке – отбасылық бордақылау алаңдарына арналған», – деді ол.

Оның айтуынша, аталған мақсаттар үшін Үкімет бұған дейін 31,8 млрд. теңге қаражат бөлген. Ал «Қазагро» желісі арқылы ауыл шаруашылығы кооперативтерін қаржыландыруға қосымша 10 млрд.тг бөлінуде.

«Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микронесиелерге қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ЖҚЖ-2020 бекіту бойынша Үкімет қаулысына бір мезетте берілетін несие мөлшерін 16 млн-ға арттыру және несиелендіру мерзімін 7 жылға дейін ұзартуды қарастыратын толықтырулар енгізілуде», – деп түйіндеді Қ.Айтуғанов.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus