Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы кооперативтері арқылы қандай мәселелер шешіледі?

Ауыл шаруашылығы кооперативтері арқылы қандай мәселелер шешіледі?

Бұл сауалға Түркістан қаласындағы «Мамлакат» ЖҚШ-дағы кездесуде ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қ.Айтуғанов жауап берді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен өткізуіндегі қызметті орталықтан ұйымдастыру үшін сүт қабылдау пунктерін, мал бордақылау алаңдарын құру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру басты міндет.

«Құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қосымша жүн мен тері, бал шаруашылығымен, құс шаруашылығымен, тауарлы балық шаруашылығымен айналысуына болады. Осылайша қайта өңдеу қуаттылықтарын жүктеу, тұрғындарды жұмыспен қамту, қайта өңдеу өнімдерінің жалпы өндірісін арттыру, өнімдердің импортын алмастыру мәселелерін шешуге болады», – деді ол.

«Бұдан бөлек, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру арқылы біз 226 мың жеке қосалқы шаруашылықтарды тауарлы өндіріске тартамыз. 70 мың тұрақты жұмыс орнын құрамыз және қайта өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін 15-20 %-ға арттырамыз», – деп атап өтті Қ.Айтуғанов.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы ел аумағындағы жеке қосалқы шаруашылықтар базасында ұсақ тауарлы өндірісті дамытуға 10,8 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінген. Қаржыландырылған өтінімдердің саны 4,4 мыңға жуық.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus