Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрінің Павлодар облысына жұмыс сапары

Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрінің Павлодар облысына жұмыс сапары


Бүгін Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А.Евниев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды.
Вице-министр өңірдегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысып, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін объектілерді аралады.
Жұмыс сапары барысында «Пахар ШҚ» ЖШС-не барды. Аталған шаруа қожалығы мемлекеттік қолдаудың арқасында жыл сайын өзінің өндірістік қуатын арттырып, 9000 гектар суармалы жері бар, көкөніс, майлы дақылдар мен мал азығы дақылдарын егетін ТМД-дағы ең ірі шаруа қожалығы қатарына қосылды. Аталған қожалық негізінде «Ангус» тұқымдас 4200 бас ірі қара мал өсіретін шаруашылық кешені бар.
Жұмыс сапары Павлодар облысының Қашыр ауданында кеңейтілген кеңесте жалғасты, оған облыс фермерлері, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының жергілікті атқарушы органдары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.
Кездесу барысында 2018-2027 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудың Ұлттық стратегия тұжырымдамасы ұсынылды. Ірі қара мал мен қой шаруашылығын дамытудың әлеуеті мен одан әрі дамуы талқыланды.
Ұлттық стратегияның негізін ірі өндірістер емес, отбасылық фермалар құрайды: мал шаруашылығында 50-100 аналық бас, 600 бас қой. Австралия, Канада және АҚШ-та өндірістік циклде шаруашылықтың негізгі үлесін ұсақ шаруа қожалықтары құрайды, өйткені олар сақтаудың қарапайым технологиясын пайдаланады және өндірістік шығындары аз болып, өзіндік құны бойынша бәсекеге қабілетті болып келеді.

Өндірістің құн тізбегі – шаруашылық-репродуктолог саналатын фермерлерге асыл тұқымды бұқаларды қамтамасыз етуден, ІҚМ өсіретін және бұқашықтарды бордақылайтын шаруашылықтардан, қарқынды бордақылау алаңдары мен ірі қара малды өнеркәсіптік союға және дайын өнімді сақтайтын ет комбинаттары мен өнімдерді таратудан тұрады.
Бағдарламада 15 жылға дейінгі мерзімге және 4%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен жеңілдікпен несие беру қарастырылған.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 80 өндірістік мал бордақылау алаңдары мен қазіргі заман талабына сай 7 ет өңдейтін кешен құрылатын болады. Жаңадан салынатын фермалар мен бордақылау алаңдарының орналасуы өңірлердің мамандану схемасына сәйкес, климаттық жағдайлары ескеріліп салынатын болады.
Вице-министр 50 басқа арналған отбасылық фермерлік шаруашылықтардың тиімділігін түсіндіріп, соның арқасында жылына мал шаруашылығын өсіру есебінен 4,6 млн. теңге табыс табуға болатынын мысал ретінде түсіндірді. Оның айтуынша, ауылдық жерлерде жастар өз бизнесін бастауға дайын. Ол үшін жалға алуға жер қажет, ферма салу үшін несие, сиыр сатып алу және жайылымдарды суландыру қажет. Мемлекет мұндай кәсіпкерлерге ұзақ мерзімді қайтару мерзімі бар жеңілдікті несиелер мен жерді жалға беруге жағдай жасауы тиіс.
Аймақтардағы фермерлер аталған бағдарламаны қолдады. Мұндай форматтағы кездесулер ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.
Жұмыс сапары шеңберінде «Рубиком» ЖШС шошқа кешені, Үшттерек және К ЖШС сүт-тауар фермасы және Тимур фермасы жұмыс істеді.
Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында «Рубиком» ЖШС, «Үштерек және К» ЖШС сүтті – тауарлы фермасы мен «Тимур» ШҚ объектілерінде болды.
Бұл кездесу Агроөнеркәсіптік кешендегі ахуал туралы маңызды және толық ақпарат алу үшін Министрліктің еліміздің барлық өңірлерінде өткізген көшпелі жиындар тәжірибесінің бірі болып табылады.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс
департаменті

+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика