Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі АӨК мәселелерін талқылады

Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі АӨК мәселелерін талқылады


А.ж. 21 қыркүйекте ҚР АШМ ғимаратында «Ауыл шаруашылығы ардагерлері» Қоғамдық бірлестігінің есептік-сайлау отырысы болып өтті.
Жиынды «Ауыл шаруашылығы ардагерлері» ҚБ басқармасы төрағасы М.Трошихин ашты.

Бас қосуға ҚР АШМ жауапты хатшысы А.Евниев, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы саяси бөлімінің меңгерушісі Н.Айдашев және т.б қатысты.
Шараның беташарында қатысушылар «Нұр Отан» партиясы мен Еңбек ардагері Ж.Қалиевті 70 жылдық мерейтойымен және «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» ведомствалық марапатымен және Ардагерлер кеңесі мен «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының алғыс хаттарын алуымен құттықтады.

Бұдан әріде Қоғамдық бірлестіктің 2013-2016 жылдар аралығындағы, Ардагерлер кеңесінің 2015 жылғы жұмыстарының есептері оқылып, Кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Кеңес құрамында Министрлік пен оған қарасты мекемелердің бұрынғы бірінші басшылары, ғалымдар, Парламенттің бұрынғы шақырылымдарының депутаттары, облыстық және аудандық деңгейдегі атқарушы органдар мен шаруашылықтардың басшылары, бірқатар қалалар мен өңірлердің құрметті азаматтары және т.б. іскери орта өкілдері бар.
Олардың басым бөлігі еліміздің азық-түліктік тәуелсіздігі мен ауылдың өркен жаюына, Елбасы Н.Назарбаевтың стратегиялық бастамалары мен реформаларының жүзеге асырылуына өмірін арнаған жандар.

АӨК дамыту мен ел тәуелсіздігінің тұғырлана түсуіне қосқан үлесі үшін Бірлестіктің бүкіл мүшелері мен өзге ведомствалар мен облыстардағы ардагерлік ұйымдардың өкілдері – 310 адам Бірлестіктің «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапатталды.

Басқарма ұсынымы бойынша «Еңбек ардагері» медальмен 7 адам және еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамыту мен ұзақ жылдар бойындағы қажырлы еңбегі, белсенді қоғамдық жұмысы үшін «Еңбек даңқы» марапатымен 12 адам марапатталды.

2014 жылы «Нұр Отан» партиясы басшылығымен «Біздің ауыл» партиялық жобасын бірлесіп іске асыру жөнінде Меморандумға қол қойылды. Ең бастысы, бірлескен түрде жергілікті жерлердегі ахуал, ағымдағы заңнаманың іске асырылуы зерттеп, зерделеніп, «Нұр Отан» фракциясы арқылы бірқатар ұсынымдар жасалды. Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы инфрақұрылымды дамыту бойынша айтырлықтай шаруалар атқарылды.

Министрлік ұсынысына сәйкес Бірлестік мүшелері АӨК дамуын түсіндіру жұмыстарына спикер ретінде тартылуда. Бүгінгі таңда аталған бағыттағы жұмысты ардагерлер Минисрліктің Қоғамдық кеңесі мен Аграрлық саясат мәселелері жөніндегі кеңес, «Нұр отан» партиясының «ҚазАгро» БПҰ желісі арқылы жалғастыруда.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus