Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге демеу білдірді

Ауыл шаруашылығы министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге демеу білдірді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және оған бағынышты Комитеттер мен ұйымдар Ақмола облысы Атбасар ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 8 665 042 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетті.

Бүгін Министрлік өкілдері Атбасарға барып, баспанасын су басып, арендалық үйлер мен уақытша купелік вагондарда тұрып жатқан тұрғындармен кездесті.

Үкімет және жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайға тойтарыс берудің барлық амалдарын жасап жатыр. Дегенмен, азаматтық қоғам да енжар қалмай, зардап шеккен жандарға барынша қолдау білдіруде.

Жиналған қаражат «Таза қала Атбасар» Қоғамдық бірлестігінің шотына аударылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика