Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл кәсіпкерлігін шағын несиелеу және ауылшаруашылығы кооперативтерін қолдау

Ауыл кәсіпкерлігін шағын несиелеу және ауылшаруашылығы кооперативтерін қолдау


Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдау мәселелері бойынша брифинг өтті. Спикер ретінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы Жандар Омаров қатысты.
Ж.Омаров «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы болып табылатын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» – ауылдық шағын несие нарығында ірі операторлардың бірі екенін атап өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы басымдықтарының бірі – ауыл шаруашылығы саласында шағын шаруашылықтарды біріктіру болып бекітілген. Өткен жылы осы бағытта кешенді жұмыстар басталды. Қор басшысының айтуынша, бүгінгі күні кооперациялау идеясын ауыл тұрғындары түсініп, қолдауда.
Ж.Омаров кооперативтерге қолдау көрсету құралдары қатарында жеңілдетілген несиелеуді, кооперативтерге кепілдіксіз несие беру және субсидиялауды атап өтті.
Қазіргі уақытта «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» несие желісі келесі негізгі өнімдерден құрылады: «Ынтымақ», «Береке», «Игілік», «Ырыс», «Егінжай», «Кәсипкер», «Қарқынды алма бақтары». Несиенің орташа сомасы – 4 млн. тг, несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін, тиімді сыйақы үстемесі – жылына 6,7% дейін, жеңілдетілген мерзім – 2 жылға дейін.

Модульді сүт қабылдау немесе мал сою бекеттері, сондай-ақ рефрижераторлар, сүт немесе мал тасымалдау көліктері несиеге сатып алынатын болса, қарыз қаражатынан сатып алынған жабдықтар кепілдік ретінде қойылады. Сонымен қатар, кооператив мемлекеттен сатып алынған жабдықтар бағасынан 50% және жиналған өнімге субсидия алады.
Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» қатысуымен 18 500 жеке қосалқы шаруашылықтың бірігуімен 528 кооператив құрылды. Кооперативтер мен олардың қатысушыларын қаржыландыруға 25 млрд. теңге бағытталды.
10 айдың ішінде Қор жалпы сомасы 45 млрд. теңгеге 12 мың несие берді, оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 16,4 млрд. тг, бюджеттік қаражатынан – 22,4 млрд. тг, өз қаражаты мен жергілікті бюджеттерден тартылған қаражаттан – 6,2 млрд. тг берілді. Өткен жылмен салыстырғанда қаржыландыру көлемі 10 млрд. теңгеге өсті.
Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары әкімдіктерімен жасалған келіссөздердің нәтижесінде ауылдағы шағын несиелеуге жергілікті бюджеттерден қосымша 1,3 млрд теңге бағытталды.
Бүгінгі таңда Қордың тарихында алғаш рет несие қоржыны 100 млрд теңгеден асып 104 млрд-қа жетті, белсенді қарыз алушалырдың саны 44 мыңнан асты. Соңғы бес жылда несие қоржынының көлемі 5 есе, қарыз алушылардың саны 3 есе, қаржыландырудың жыл сайынғы көлемі 4 есе өсті.
Келесі жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ауыл тұрғындарын қаржыландыру жұмыстары жалғасатын болады. 45 миллиард теңгеден астам сомаға несие беру жоспарлануда.
Анықтама үшін: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – «ҚазАгро» холдингі құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйым. Қордың негізгі мақсаты – ауыл халқының қаржылық қызметтер мен ресурстарға қолжетімділігін арттыру.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика