Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі арта бастады

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі арта бастады

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі арта бастады

Енді төрт түлік өсірумен айналысатын ірі шаруа қожалықтарының жайылымдық жерді суландыруына субсидия беру көзделіп отыр. 

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева бүгін бұл мақсаттағы іс-жоспарлар жаңа бағдарлама аясында жүзеге асатындығын мәлім етті. Бұл- “Қазақстан-2050” стратегиясына сәйкес қолға алынған шаралардың бірі.
Ел аймақтарында 181 миллион гектар жайылымдық жер бар. Оның 26 миллион гектары игерусіз жатыр. Себеп- суландыру жүйесі тозып, жер асты су құдықтары бітеліп қалған. Сондықтан қазіргі төрт түліктің жайылымы елді мекендерге таяу маңда. Осы мәселені шешу үшін Елбасы жайылым алқаптарын қалпына келтіріп, инфрақұрылымын дамытуды жүктеген. Соған сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігі 4 мың құдық салу арқылы 8 миллион гектар жерді суландыруды жоспарлап отыр. Ол үшін “Агробизнес-2020” бағдарламасы аясында 22 миллиард теңге инвестициялық субсидия бөлінуі тиіс.

Қанат ЫДЫРЫСОВ, ҚР АШМ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 
-Үкімет 80 пайызын құдықтар салынғаннан кейін оны тауар өндірушілерге қайтарып береді қарызын. Жалпы осы бағдарлама бойынша 2020 жылға дейін 4 мың құдықты қалпына келтіреміз деп отырмыз. Ал шартты баспен алғанда 1 миллион 200 мың бас осы жайылымдарға шығарылады деп. 

Қазір субсидияны шаруашылықтарға бөлу тәртібі қарастырылып жатыр. Әзірге бір анығы- жеңілдік ұйымдасқан ірі шаруашылықтар мен фермерлік қожалықтарға тиесілі болмақ. Және оны келер жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарда. Министрлік мамандарының айтуынша бұл тәжірибеде бар үрдіс. Бүгінге дейін екі жоба жүзеге асырылыпты. Нәтижесінде мал басы өсіп, өнімділік артқан.

Қанат ЫДЫРЫСОВ, ҚР АШМ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 
-Алматы облысында және+ Қарағанды облысының Шет ауданында. Ол жерлерде біраз жайылымдар қалпына келтіріліп, осындай құдықтар салынып, малдың саны көбейіп, өнімділігі де жоғары болды.

Тағы бір ескерер жайт “Қазақстан-2050” стратегиясында мал шаруашылығындағы ескілік дәстүрлі әдістерден арылып, оны заманға сай жаңғырту керектігі айтылған . Мамандар бұл ретте жайылымдық мал шаруашылығын дамытуда балама энергия көздерін қолдануға басымдық беріледі деп отыр.
http://www.khabar.kz/kaz/socium/Auil_sharuashiligin_memlekettik_koldau_kolemi_arta_bastadi.html

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus