Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылымдарды суландыру үшін 22 млрд. теңге бөлмек

Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылымдарды суландыру үшін 22 млрд. теңге бөлмек

Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылымдарды суландыру үшін 22 млрд. теңге бөлмек

 

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат – 2013-2020 жылдар аралығында 4 мың құдық салу арқылы 8 млн. га жерді суландыру жоспарланған. Шығындар шамамен 28 млрд. теңгені құрамақ, бұл ретте 2020 жылға дейінгі инвестициялық субсидиялауға қажетті бюджеттік қаржы көлемі 22 млрд. теңгені құрайды.

Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы минстрлігінде өткен брифингте ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаментінің директоры Қанат Ыдырысов мәлімдеді.

Оның айтуынша, құдықтар салуды ұйымдастыру көп қаражатты қажет етеді. Бүгінгі күнге дейін жайылымды суландыру және жайылымды мал шаруашылығын дамыту шараларын жүзеге асыруды тежеуде.

«Осыған байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестициялық жобалардың капитал ауқымын және өтеу мерзімін қысқарту мақсатында «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында жайылымдардың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық салымдар кезіндегі шығындарды ішінара өтеуді көздейтін мемлекеттік қолдау түрін енгізуді ұсынды», – деп атап өтті Қ. Ыдырысов.

Мал шаруашылығы департаменті директорының атап өтуінше, бағдарламамен жайылымдық мал шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің жайылымдардың инфрақұрылымын салуға кеткен шығындардың  80% субсидиялануы қарастырылған.

Аталған шаралар жайылымдық алқаптары бар ұйымдасқан, шаруа және фермер қожалықтарын қамтиды.

«Мал шаруашылығы кескінінде өңірлік орналастыру есебімен 360 мың бас ірі қара, 3 млн. 600 мың бас қой және ешкі, 120 мың бас жылқы үшін жайылымдар ұйымдастыру қарастырылуда», – деп атап өтті Қ. Ыдырысов.

http://www.inform.kz/kaz/article/2530384

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus