Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Асылжан Мамытбеков жамбылдық шаруалардың назын тыңдады

Асылжан Мамытбеков жамбылдық шаруалардың назын тыңдады


Ауылшаруашылығы саласында қолға алған кәсіптің алға жылжуы үшін мемлекет мүмкін болған көмектің барлығын көрсетуде.
Жамбыл облысына іс-сапармен барған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков өңірдегі бірнеше нысандармен танысып, «Агробизнес – 2020» бағдарламасын қалай жүзеге асыру керектігі және оның тиімділігі туралы айтты.

Жуалы ауданындағы «Бурный сыр зауыты» серіктестігі жұмысын қайта жандандырмақ. Бірнеше жылдан бері тоқырап тұрған кәсіпорында, енді «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қарастырылған 150 млн. теңгеге коммуникация тартылып, қазандық салынуда. Зауытқа сүтті жергілікті тұрғындар өткізеді. Тек өткізілетін сүттің сапасы сын көтермейді.

Айнұр ӘБДІКЕРІМОВА, бас технолог:

– Сүттің сапасын жақсарту керек. Әр үйден жиналатын болғандықтан, тазалығы да әртүрлі болып келеді. Оны осында тазалау біршама шығын. Сүт тапсыратын ірі шаруашылықтар аз.

Технолог маманның айтуынша, бұл мәселені шешу үшін алдымен сүтті микроағзалардан тазартып, залалсыздандыру қажет. Сондықтан алдағы уақытта шаруаларды сауын кезіндегі тазалыққа үйретпек ниетте. Сонымен қатар, осы салада тамшылатып суару технологиясының серпін берер мімкіндігі қарастырылып жатыр. Ол сыр зауытын сапалы сүтпен қамтамасыз етуде өз септігін тигізеді. Мәселен, «Гамбург» серіктестігі 1 млрд. теңгеден асатын қаржыға 800 гектар алқапты тамшылатып суғаратын жобаны мемлекеттің көмегімен жүзеге асырмақ. Нәтижесінде сауын сиырлар жыл он екі ай сапалы жем-шөппен қамтылады. Шаруашылық үздіксіз, көп мөлшерде сүт өндіреді.

Асылжан МАМЫТБЕКОВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

– Мүлдем басқа деңгей, жаңа технология. Ылғалы аз жерде суландырудың арқасында, табиғи құрғақшылықтан құтылып, мал шаруашылығн дамытуға, әлдеқайда көп пайда табуға үлкен әсерін тигізеді.

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі жергілікті тұрғындармен зейнетақы жүйесін модернизациялау жөнінде де әңгімелесті. Соңынан «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының қоғамдық қабылдауын өткізіп, шаруалардың мәселелерін шешу жолдарын талқыланды.

Дүйсехан ҚОШӘЛИЕВ, шаруа:

– Міне, 4 ай болды, «Куликов» заводына өткізген сүтімізге, олардың есептік нөмірі болмаған соң, маған субсидия төлемей жатыр. Жылда алып жүрген субсидиямды ала алмай қалдым. Содан миллиондай ақшамызды жоғалтып отырмыз.

Министр келген азаматтардың өтініштерін түртіп алды өзіне. Ал инвестициялық субсидия туралы жамбылдық шаруалар жиын барысында танысты. Ол бірінші кезекте сүтті бағыттағы мал алуға жұмсалатын болады.

Авторлар: Руслан Бақытбекұлы, Рауан Байкенже

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus