Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне А.Мамытбеков Атырау облысындағы ауыл шаруашылығы саласымен танысты

А.Мамытбеков Атырау облысындағы ауыл шаруашылығы саласымен танысты

Атырау облысында ауыл шаруашылығына қолдау көрсетілуде. Жергілікті шаруаларға енді мемлекеттік қолдау көрсетілмек.
Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Атырауда осы саланың даму қарқынымен танысты. Бір жылда Атырау облысы бойынша картоп егу алқабы 57 гектардан 900-ге, ал көкөніс көлемі 300-ден 1600 гектарға дейін ұлғайтылды. Мал шаруашылығында қой мен ірі қара басының өсімі жыл санап қарқын алып келеді. Жылыжай мен құс шаруашылықтарында да ілгерілеушілік байқалады. «Мұның бәрі мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтың арқасы» дейді жергілікті шаруалар.

Қоныс ЕРМАНОВ, шаруашылық басшысы:

– Сол субсидияға алған бұқаларға 16,5 мың теңге көлемінде субсидия берілді. Сосын тыңайтқышқа жақсы көмек болып тұр, 50 пайыз. Бүгінгі таңда кім жұмыс істегісі келеді соған көмек бар.

Ағымдағы жылы өңірдің ауылшаруашылығы саласын субсидиялауға мемлекеттен 1,5 миллиард теңге бөлініп отыр. Оған жергілікті бюджеттен 85 миллион теңге тағы қаралды.

Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ, облыс әкімі:

– Бұл қаржы аймақтағы көптеген өзекті мәселені шешуге оң ықпал етті. Биыл облыстағы 12 канал сумен толды. Сол арқылы шабындықтар мен жайылымдарды суландыруға жол ашты Судың молаюымен көкөніс көлемін ұлғайтатын боламыз.

Атыраулық шаруагерлер тек егін көлемі мен мал басын арттырып қана қоймай енді балық шаруашылығын да қолға ала бастады. Бүгін де Жайық-Каспий бассейнінде балықтың, соның ішінде бекіре тұқымдастар азайып кетті. Соған орай Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Каспий маңы мемлекеттері бекіре тұқымдас балықтарды аулауға мораторий жариялады. Бүгінде бағалы балық қорын көбейтуде көптеген шаруашылықтар бекірені тоғандарда өсіру арқылы қолға алды. Солардың бірінде биылдан бастап 10000 тонна балық өсіру көзделген. Бүгін Атырауда болған министр А.Мамытбеков оның алғашқы легін тоғанға өз қолымен жіберді.

Асылжан МАМЫТБЕКОВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

– Бұрын аймақта тек балық аулауға ден қойылып келді. Бірақ балықтың күрт кеміп кетуі осы салаға ерекше көңіл бөлуді талап етіп отыр. Сондықтан тоғандарда балық өсіріп жатқан шаруашылықтарға мемлекет тарыпынан жан-жақты көмек беруді ойластырудамыз.

Облыста ауылшаруашылығының серпінді дамуына «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен жасаған екі жақты келісім игі ықпал етуде. Корпорация шаруаларға көктемде тұқым жеткізіп беруді және күзде жиналған өнімді нарыққа шығаруды өз мойнына алған. Осылайша бір кезде тұралап қалған ауылшаруашлығына деген бетбұрыс ауыл тұрғындарының көңіліне нық сенім орнатты. Биыл мұнайлы өңірде тәулігіне 10 тонна тауарлы сүт өндіретін кешенді сиыр фермасының іргетасы қаланды Сондай-ақ, шипалық қасиеті мол ешкі сүтін өндіретін жаңа шаруашылық қолға алынуда. Оның алғашқы сатысында 300 бас альпілік ешкі тұқымы әкелінеді деп күтілуде.

Авторлар: Арыстанбек Кенже, Әзілхан Уахитов
Теги: 24 KZ, Атырау, ауылшаруашылығы

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus