Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Астанада «Жібек жолы» ауыл шаруашылық білім және ғылыми инновация Альянсының Екінші мәжілісі өтеді

Астанада «Жібек жолы» ауыл шаруашылық білім және ғылыми инновация Альянсының Екінші мәжілісі өтеді

2017 жылы 3-4 шілде аралығында Астана қаласында «Жібек жолы» ауыл шаруашылық білім және ғылыми инновация Альянсының Екінші мәжілісі өтеді. Жиынның негізгі тақырыбы – Жібек жолы аймағындағы ауылшаруашылық университеттері мен ғылыми орталықтардың 2018 – 2020 жылдарға арналған АӨК-тегі ортақ техникалық міндеттерді бірлесе шешу Жоспарын жасау. Жиынға қатысушылар бұдан бөлек халықаралық EXPO-2017 көрмесіне барып, аграрлық секторға энергия үнемдегіш технологиялар мен баламалы қуат көзін ендірудің келешегін талқылайды.

Қазақстанда дәл мұндай ауқымды Форум тұңғыш рет өткізіліп отыр. Оның жұмысына Қазақстан Республикасының, Қытай Халық Республикасының, ТМД елдерінің, Еуропалық Одақ пен Таяу Шығыс елдерінің 50 университеті мен ғылыми орталықтарының ректорлары, жетекшілері мен белгілі ғалымдары қатысады.

«Жібек жолы» ауыл шаруашылық білім және ғылыми инновация Альянсы 2016 жылы қараша айында құрылып, 13 елдің 59-дан астам ауылшаруашылық университеттері мен ғылыми орталықтарын біріктірді. Екінші Альянс мәжілісінің қорытындысында оған тағы 27 ұйым мүшесі қосылады деп күтілуде.

Альянс мәжілісінің бағдарламасы:

Бірінші күн: 3 шілде, 2017 жыл, дүйсенбі:

Өткізу орны: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, жиын залы

Мекен-жайы: Астана қаласы, Кенесары көшесі 36.

Басталуы: сағат 10:00-да

Екінші отырыстың пленарлық сессиясына:

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі – Мырзахметов Асқар Исабекұлы;
Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі – Чжан Ханьхуэй;
Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты – Омаров Сапархан Кесікбайұлы;
Солтүстік-Батыс Ауыл және орман шаруашылығы универтитетінің ректоры – (Янлин, КНР) Сун Чишин;
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма төрағасы – Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы қатысады.

Екінші күн – 4 шілде, 2017 жыл, сейсенбі:

Мәжіліс секциялары, Альянс ректорларының кеңесі, Альянстың 2018 – 2020 жылдарға арналған Жұмыс жоспарын бекіту, Альянс құрамына жаңа мүшелер қабылдау туралы меморандумға қол қою.

Өткізу орны: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Бас ғимарат, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62. Басталуы: сағат 9:30-да.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus