Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар ҚР АШМ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Концепциясының жобасын әзірлеуде

ҚР АШМ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Концепциясының жобасын әзірлеуде

829984 Астана. 21 мамыр. Baq.kz – Қазақстанда ішкі тұтынудағы азық-түліктің негізгі өнімдерін өндіру деңгейі 80% құрайды. Бүгінгі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылға дейін еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Концепциясының жобасын әзірлеуде. Бұл туралы азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын 8-ші Астана экономикалық форумы шеңберінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Панельдік сессиясының қатысушылары талқылады.

Біріккен ұлттар ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) әдістемесі бойынша азық-түлік қауіпсіздігінің 4 элементі бар: азық-түлік тәуелсіздігі, транспорттық-логистикалық және қойма инфрақұрылымының болуы, азық-түліктердің экономикалық қол жетімділігі, азық-түлік өнімінің қауіпсіздігі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков атап өткендей, азық-түлік қауіпсіздігі іс жүзінде азық-түлік өндірісі ғана емес, жалпы экономиканың дамуының жағдайын білдіреді.
«Бұл жағдайда Қазақстанның ауыл шаруашылығы оң үрдіске ие. Жалпы өнімнің ортақ көлемі соңғы 5 жылда 1,5 астам есеге өсті және 2014 жылдың қорытындысы бойынша 13,5 млрд. АҚШ долларын (2,5 трлн. теңгені) құрады» деп атап өтті министр.
Сондай-ақ, 2011 жылы Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымын құру туралы бастама жасады.
Панелдік сессияға ФАО бас директоры Жозе Грациану да Сильва, халықаралық ауыл шаруашылығы даму қорының вице-президенті (ИФАД) Мишель Мордасини, Беларусь Республикасының ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің орынбасары Людмила Нижевич, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылым академиясының президенті Ғани Қалиев, ҚР Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы Ромин Мәдинов қатысты.
Панелдік сессияға қатысушылар республикада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шараларды күшейтуді ұсынды.
Источник:http://baq.kz/kk/news/65491

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus