Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының атқаратын жұмысы туралы ақпарат

Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының атқаратын жұмысы туралы ақпарат


Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині саласында бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ведомстволық бағынышты ұйымы болып табылады.

Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде мемлекеттік инспекторлармен ағымдағы жылдың 1 жартысында 602 тоннаға жуық импорттық өнім және 36 тоннадан астам экспорттық өнім қарап тексерілгенін айта кеткен жөн. Қарап тексерілген карантинге жатқызылған өнімге 8849 тексеру актісі берілді.

Сонымен қатар, жүктерді рәсімдеуде ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» Заңы нормаларының бұзушылықтары да анықталады.

Мысалы, ағымдағы жылдың жарты жылдығында 74 заң бұзушылық анықталса, оның ішіндегі 70 заң бұзушылық бойынша 3,47 млн теңге сомасына әкімшілік жауаптылық қолданылды. Өнімдерді қала аумағына әкелу кезінде 4 жағдайда карантиндік нысан анықталды. Оның ішінде, 3 жағдайда Қырғызстаннан әкелінген 57,85 тонна алма карантинік нысан – Калифорниялық қалқаншалы сымырымен, Италиядан әкелінген 18,25 тонна киви карантиндік нысан – Тұт ағашының қалқаншалы сымырымен зақымданған.

Анықтама: Калифорниялық қалқанша сымыры – қалқаншалы сымыры тұқымдасының жәндігі, жеміс дақылдарының және жайпақ жапырақты ағаштарының зиянкесі. Кең таралған. Қоңыр түсті, ұзындығы 1-2 мм. Жапырақтар және жемістер шырынымен қоректенеді.
Тұт ағашының қалқаншалы сымыры – қауіпті зиянкес, тұт ағашына, сүйекті жемістерге, шабдалы және шиеге зиян әкеледі. Жылына әдетте екі ұрпақ дамиды. Қысқы кезеңде ұрықтанған аналықтары төзіп шығады. Зиянкестің тіршілік әрекеті өсімдіктерді нашарлатады, өсімдіктер өнімділігін және тауар құндылығын төмендетеді.

АӨК МИК Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясымен мемлекеттік қызметтерді «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы қызмет көрсету шеңберінде 90%-дан жоғары сертификаттар электронды түрде берілді. Бұл ең алдымен уақытты үнемдейді және бизнес құрылымдар өкілдері үшін қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге, Инспекция өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларды түсіндіру мақсатында газеттерде мақала шығару, БАҚ-та сұхбат беру және кәсіпкермен дөңгелек үстелдер өткізуде.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus