Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АШМ кеңейтілген алқа мәжілісінде күзгі жиын-терімнің қорытындысын шығарды

АШМ кеңейтілген алқа мәжілісінде күзгі жиын-терімнің қорытындысын шығарды

Бүгін ауыл шаруашылығы министрлігінде кеңейтілген Алқа мәжілісі өткізілді. Вице-премьер-Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов төрағалық еткен жиынға, еліміздің барлық аймағынан тауарөндірушілер, облыс әкімдерінің орынбасарлары және салалық одақ мүшелері мен қоғамдық кеңес өкілдері қатысты. Ведомство жетекшісі Елбасы және Үкімет басшысы атынан барлық Ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен ауыл халқын төл мерекелерімен құттықтады.

Алқаға келгендер алдымен Ауыл шаруашылығындағы жиын- терімнің қорытындысын шығарды.

Биыл егемендік тарихында тағы бір рекордтық деңгейде астық жиналды. Оның жалпы көлемі 24 миллионға жуық. Таратып айтсақ, 17,9 млн тонна бидай, 3,3 млн тонна арпа қамбаға құйылды. Ал, күріштің әр гектарынан 53,6 центнерден өнім алынып рекорд жаңартты. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі ұлғайып, мал басы саны артты.

Отандық өнімдерді экспорттау 3 еселеніп, жаңа жүйесі қалыптасты. АӨК инфрақұрылым жетіле түсті. Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша 9 айда ауыл шаруашылығы өндірістік салалар арасында алдыңғы қатарға шықты. Ағымдағы жыл мал шаруашылығына да өте қолайлы болды, статистикаға жүгінсек жылқы саны 2,2 миллионға, ірі қара 6,7 млн басқа қой-ешкі 20,8 млнға жеткен. Осы малдардан алынған өнім ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп, сиыр мен жылқы етінің жалпы көлемі 1 млн тоннаны құраған.

Сыртқы саудада да соны жетістіктер баршылық. Қазақстан астық пен ұн экспорттаудан көшбасшы елдер қатарында. Жыл басынан бері 7,2 млн тонна экспортқа өнім жөнелтілген. Басты импорттаушылар Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Қытай, Түркия және Италия мемлекеттері.

Бұл жүйелі жұмыстар бұдан да әрі жалғасады. Себебі Елбасы, мемлекет басшысы салаға үлкен серпін беріп, қолдау көрсетіп отыр. «Ауыл шаруашылығы өнеркәсібі ұлттық экономиканы дамытудың негізгі күшіне айналды», – деп айтуы соның дәлелі. Еске сала кетсек мемлекет басшысы үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде үкіметтің кеңейтілген отырысында АӨК дамытудың жаңа бағдарламасын жасау туралы тапсырама бергені белгілі. Осы тапсырма аясында жасалатын бағдарламаға енетін ұсыныстар мен тиімді тетіктер алқа мәжілісінде қаралды. Елбасы министрлікке қойып отырған басты міндет ауыл тұрғындарының табысын көбейту, ішкі нарықты толық отандық өніммен қамтамасыз ету субсидиялаудың, несиелеудің тетіктерін жетілдіру және дәл бағытталған экспорттық саясат жүргізу.

Ауыл тұрғындарының табысын көбейтудің бірден-бір жолы ол кооперацияға бірігу. Яғни жеке қосалқы шаруашылықтарда өндірілетін 70-80% өнімді, бар болғаны 50-60% қуатпен жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарына жеткізу механизімін қалыптастыру, сол арқылы халықты жұмыспен қамтып, табыс көзін еселеу. Ал құрылған кооперацияларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету. Нәтижесінде бес жылда 670 мың қосалқы шаруашылықтарды біріктіру көзделіп отыр. Алқада айтылған тағы бір ұтымды ұсыныс субсидиялау жүйесіне өзгерістер енгізіліп, мейілінше шағын және орта шаруаларды ынталандыру қарастырылған. Әзіргі есеппен субсидия алушылардың саны 10 есеге өседі. Болжа бойынша жыл сайын копперациялардың арқасында қаладан ауылға 400 млрд. теңге қаржы құйылады.

Елбасы міндеттеген тапсырмалардың тағы бір маңызды тұсы кешенді әртараптандыруға бет бұру. Соның негізінде келер жылдан бастап кезең-кезеңімен 2,3 млн. гектар жерге бидай егу қысқартылып, орнына майлы дақылдарға басымдық беріледі. Атап айтсақ, сұранысы жоғары рапс, соя, сафлор сынды майлы дақылдар мен арпа, жүгері, қант қызылшасы сияқты дақылдарға қолдау көрсетіледі. Соның нәтижесінде қанттың импортын 97%-дан, 65%-ға, өсімдік майын импортын 38%-дан 16%-ға төмендету көзделіп отыр. Осы өсімдіктердің өнімділігін көбейту үшін сапалы тұқым және тыңайтқыштар алуға мемлекеттен субсидиялар бөлінеді. Келер жылдан бастап гектарлық субсидия тоқтатылып, орнына алынған өнім көлеміне берілетін көмек қаржы қолданысқа енеді.
Ал мал шаруашылығы саласында жем-шөп даярлау бірінші кезекке шығады. Көп жылдық шөп даярлау, құрама жем шығару, жайылымдардың жағдайын жақсарту мәселелері жаңа бағдарламада жан-жақты қамтылып мемлекеттік қолдауға толық ие болып отыр. Осы шаралардың негізінде сиыр және қой етінің экспортын 120 мың тоннаға жеткізу, құс етінің импортын 51%-дан 33%-ға төмендету, балық импортын 67%-дан 46%-ға азайту және сүт өнімдерінің импортын 40%-дан 20%-ға төмендету жоспарланған.

«ҚазАгро» холдингінің жаңғырту және оңтайландыру жұмысы да жалғасады. Қаржы бөлу жүйесі жетілдіріледі. 2021 жылға дейін бұл қаржы ұйымы 300 млрд теңгеге 25 мың алушыны қамтымақ.

Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында 600 мың гектар жерді суармалы жерлердің қатарына қосу көзделген. Сондай ақ, жер ресурстарының мәліметтерін электронды жүйеге көшіру қолға алынбақ.

Сонымен қатар, АӨК субъектісінің техникалық жабдықталуын арттыру мақсатында шетелден келетін қымбат техника мен құрал-жабдықтардың сатып алу үлесін төмендету мәселесі қарастырылып жатыр.

АӨК-тің мемлекеттік реттелуін жетілдіру мақсатында ғылым мен өндірісті бір-бірімен байланыстыру арқылы әртүрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Алқа мәжілісінің соңында ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің үздіктері марапатталды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus