Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қарбыз партиясында анықталған дернәсілдер бойынша ақпарат

Қарбыз партиясында анықталған дернәсілдер бойынша ақпарат

2017 жылы 26 маусымда Астана қаласында орналасқан «Алаш» сауда орталығында қарбыз өніміне сараптама жүргізу барысында қауын шыбыны дернәсілдері анықталып, нәтижесінде 35 тонна қарбыз легін сатуға рұқсат берілген жоқ.

Аталған зиянкес негізінен қауын, қарбыз сияқты бақша дақылдарын зақымдайды және залалданған өнім азық ретінде пайдалануға жарамсыз болып табылады. Сонымен қатар, карантиндік объект адам денсаулығына және жануарларға зиян келтірмейді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығымен бекітілген «Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне» сәйкес, қауын шыбыны карантиндік объекті болып табылады және еліміздің оңтүстік, батыс аймақтарында 6,3 мың га жерде шектеулі таралған.

Аталған зиянкеспен күресу мақстатында, Министрлікпен жыл сайын таралу ошақтарында оқшаулау және жою жөніндегі
карантиндік іс-шаралар жүргізіледі.

Ағымдағы жылы барлық залалданған аумақтарда химиялық өңдеу жұмыстары уақытылы жүргізілді.

Залалданған өніммен карантиндік объектілердің таралуын алдын алу мақсатында, күн сайын өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен өнімдердің тасымалдану кезінде және келіп түсу орындарында өнімдерге лабораториялық сараптама жүргізу үшін сынама алынып тексеру жүргізіледі.

Жүргізіліп отырған карантиндік іс-шаралар нәтижесінде республикамыздың аумағында қолайлы фитосанитариялық ахуал қамтамасыз етілуде.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus