Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қарағанды облысында егін жинау науқаны басталды

Қарағанды облысында егін жинау науқаны басталды

Ағымдағы жылы Қарағанды облысында 734,3 мың га. аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.

16 тамыздағы жағдай бойынша өңір аумағында 1,5 мың га егіс алқабы жиналып, 1,2 мың тонна астық бастырылды.

«Казгидромет» РМК Орталық Қазақстандағы ауарайының болжамдарына сәйкес жаппай егін жинаудың басталуы тамыз айының соңында – қыркүйек айының басында күтілуде.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2016 жылдың күзгі дала жұмыстарына 9,0 мың тонна арзандатылған жанармай бөлінді.

Жалпылай алғанда, республика бойынша 16 тамызға 861,0 мың га жиналып, орташа егіс өнімділігі 21,2 ц/га құраған, ал бастырылған егін 1 827,0 мың тонна.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus