Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қарағанды облысы Нұра ауданында ауыл шаруашылығы кооперациясын құру пилоттық жобасы бойынша брифинг өтті

Қарағанды облысы Нұра ауданында ауыл шаруашылығы кооперациясын құру пилоттық жобасы бойынша брифинг өтті

Жақында Елбасына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдамасын баяндаған болатын. Өз кезегінде Елбасы тұжырымдаманы құптап, тиісті тапсырмалар берді.

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасымен таныстырды.

Бағдарламаның тұжырымдамалық ықпалы – қосалқы шаруашылық пен ұсақ шаруа, фермерлік қожалықтарды өндірістің өсу факторымен қатар ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін ескере отырып, ауқымды түрде кооперацияларды дамыту болып табылады.

Осылайша, Қарағанды облысы Нұра ауданында алғашқы ауылшаруашылығы кооперациясының қанатқақты жобасы іске асырылатын болады.

Мұндай кооперативтер республиканың өзге өңірлерінде озат кооперативтер жинақтаған тәжірибемен бөлісе отырып, өнім таралымын көбейту мақсатында құрылады. Осы орайда Нұра ауданы кездейсоқ таңдалмады. Мұнда 3 200 астам мал шаруашылығымен айналысатын жеке қосалқы шаруашылықтар бар.

Пилоттық жобаға сәйкес ауданымыздың 12 ауылында ауыл шаруашылық кооперативтері құрылып, сүт қабылдау пүнкттері ашылады. Олар: Ахмет, Көбетей, Байтуған, Шахтер, Майоровка, Қарой, Заречное, Тассуат, Киевка, Мыңбаева, Кертінді, Ақмешіт ауылдары.

Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту барысында ауыл тұрғындарының кірісін жыл сайын 300 млрд.теңгеге дейін арттыру және сауданың үстеме бағасын 15-20%-ға төмендету көзделіп отыр.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus