Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қарағанды облысы Бұхар-Жырау ауданында құрылған кооператив балапан шығарып сатуда

Қарағанды облысы Бұхар-Жырау ауданында құрылған кооператив балапан шығарып сатуда

Бұхар-Жырау ауданы Центральное ауылында орналасқан «Eco-Standart» кооперативі биыл құрылып, өз жұмысын бастады. Қазіргі тада 22 шағын шаруашылықты біріктірген кооперативте сүт қабылдау бекеті жұмыс істейді. 2 мың литр сүтке арналған бекет өнімді кооператив мүшелері мен жергілікті тұрғындардан қабылдайды.

«Eco-Standart» АӨК төрайымы Наталья Скороходованың айтуынша, модульдік құрал-жабдықтың бағасы – 5 миллион теңге, оның тең жартысын мемлекет субсидия ретінде кооперативке қайтарады. Бекетке қажетті құралдарды сатып алуға несие “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан” “Ынтымақ” бағдарламасымен алынды.

Кооператив бір бағытты ғана дамумен шектелмей, өз қаражатына инкубатор сатып алды. 9 миллион теңгелік құрылғының қуаттылығы – айына 45 мың жұмыртқа. Бұл соманың да 50 пайызы мемлекеттен қайтарылатын болады.

Бірінші 10 мың бройлерлік балапан мен 600 қаз балапаны кооператив мүшелері мен ауыл тұрғындарына, сонымен қатар Ақмола облысының көршілес ауылдардан келгендерге сатылды. Кооператив оларды қажетті жем-шөппен қамтиды

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus