Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ КӨКТЕМГІ-ЖАЗҒЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ АРҚЫЛЫ АӨК СУБЪЕКТІЛЕРІНЕН БИДАЙ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ АРПАНЫ ФОРВАРДТЫ ЖОЛМЕН САТЫП АЛУ БАСТАЛҒАНЫН ХАБАРЛАЙДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ КӨКТЕМГІ-ЖАЗҒЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ АРҚЫЛЫ АӨК СУБЪЕКТІЛЕРІНЕН БИДАЙ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ АРПАНЫ ФОРВАРДТЫ ЖОЛМЕН САТЫП АЛУ БАСТАЛҒАНЫН ХАБАРЛАЙДЫ

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен бидай және/немесе арпаны форвардты жолмен сатып алу басталғанын хабарлайды

Форвардты жолмен сатып алудың негізгі шарттары:

– міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банк (ЕДБ) немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) кепілдемесін ұсыну;
– АӨК субъектілерінің 2012 жылғы қаржыландыру шарттары және 2013 жылғы форвардты жолмен сатып алу шарттары бойынша өз міндеттемелерін толық орындауы;
– «ҚазАгро» холдингі» АҚ еншілес ұйымдарының және басқа қаржы ұйымдарының алдында мерзімі өткен міндеттемелердің болмауы.
Аталған бағдарламаға қатысатын және ӘКК кепілдемесін ұсынатын АӨК субъектілерінің тізімін облыстық әкімдіктер жанындағы Үйлестіру кеңестері жасайды.
Аталған бағдарламаға қатысатын ЕДБ кепілдемелерін ұсынатын АӨК субъектілері облыстық Үйлестіру кеңестерінің тізімдеріне енгізілмей қатысады.
АӨК субъектілерінің міндеттемелерін орындауы көлемі Корпорация белгілейтін бастапқы төлемақы және сатып алу бағасының сомасы негізінде анықталатын бидай және/немесе арпаны 2014 жылғы 1 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін жеткізу арқылы жүзеге асырылады. Ақшалай қаражатпен бастапқы төлемақы сомасын қайтаруға рұқсат етіледі.

Аталған бағдарламаға қатысуға АӨК субъектілерінен өтінімдер «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ облыстық өкілдіктерінде мына мекенжайлар бойынша қабылданады:

Ақмола облысы: Көкшетау қаласы, М. Горький көшесі, 19, тел. 8(716-2) 55-11-51, 55-11-54, 42-26-83, 42-26-62;
Ақтөбе облысы: Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 103/А, тел. 8(713-2) 56-70-21, 56-76-26;
Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қаласы, Головков көшесі, 30, 206 офис, тел. 8(723-2) 25-44-77, 25-95-67,
Қарағанды облысы: Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау көшесі, 51/1, тел. 8(721-2) 55-99-56, 41-11-74;
Қостанай облысы: Қостанай қаласы, Таран көшесі, 147, тел. 8(714-2) 53-11-44, 53-45-79, 53-29-12;
Павлодар облысы: Павлодар қаласы, Академик Сәтпаев көшесі, 46, 414 офис, тел. 8(718-2) 32-11-69, 32-65-32, 32-75-32;
Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қаласы, Партизанская көшесі, 160, тел. 8(715-2) 42-27-24, 42-27-23, 42-26-36.

Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады:
Астана қ., Мәскеу көшесі, 29/3
тел.: 8(717-2) 59-12-48, 59-12-73, 59-12-65

www.fcc.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus