Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚАФ 2016 ж көктемгі егістік жұмыстарын жүргізуге арналған техника сатып алуға өтінімдер қабылдайды

ҚАФ 2016 ж көктемгі егістік жұмыстарын жүргізуге арналған техника сатып алуға өтінімдер қабылдайды

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 2016 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге арналған техника сатып алуға өтінімдер қабылдай бастағаны жөнінде хабарлайды. Жалпы қаржыландыру мөлшерлемесі 14 %, қосымша қамтамасыз ету қажеттілігі жоқ, жеңілдікті кезең мерзімі – бір жыл.
        Компания өкілдерінің айтуы бойынша, өтінімдерді қабылдау жұмысының ерте басталуы, біріншіден, аграршыларға шаруашылықтардың машина мен трактор арсеналын жаңартуды егіс жұмыстары басталардан бұрын бастау керек екендігін ескерту қажеттілігіне байланысты болып отыр. «Өтінімдерді қарап, оларды қаржыландыруға мақұлдау үшін ғана емес, сонымен қатар шетелден немесе Қазақстанның өзге де аймақтарынан белгілі бір техниканы немесе жабдықты жеткізу үшін де компанияға белгілі бір уақыт керек екендігін аграршылар түсінуге тиіс.  Қысқы шанаңды жазда дайында демей ме халқымыз. Біздің міндетіміз – республикамыздың оңтүстік аймақтарымен қатар солтүстік аймақтарында да мерзімінде, дәл егіс жұмыстарының басталуына қарай егіс далаларында техниканың жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету» – деп айтып өтті Лизингтік жобалар департаментінің директоры Азамат Жалмағамбетов.
        Сонымен бірге, таяу арада Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде пайыздық ставканы субсидиялаудың кезекті кезеңінің іске қосылуы күтілуде. Бағдарлама шарттарына сәйкес, айналым капиталдарын толықтыруға және негізгі құралдар сатып алуға, құрылысқа арналған кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникаларының лизингі бойынша сыйақы ставкалары жылына  7% дейін төмендетуге жатады, ал енді мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісі салаларындағы ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтар сатып алуға арналған шарттар бойынша пайыздық ставка 10 % мөлшерінде мемлекет тарапынан субсидияланатын болады (қарыз алушының кемінде 50 бас а/ш малының немесе жемшөп дақылдарын өсіруге пайдаланатын жер телімдерінің бар болуы туралы растама құжаты болған жағдайда).
        Сөз орайына қарай айта кетсек, 2015 жылы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге дайындық шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ құны 11,5 млрд. теңгеге 1 382 бірлік техника сатып алуды қаржыландырған. «Кеңінен таралған» техникалардың ішінде тракторлармен және тұқым сепкіштермен қатар тырма, кун, соқа, пішен тайлауыш, қопсытқыш, дестелегіш сияқты техника түрлері де бар дершілік. Көктемгі-егіс жұмыстары шеңберінде диқаншылар сатып алатын техникалардың көпшілік бөлігі қазақстандық өндірістің, атап айтқанда, ең кеңінен таралған үлгілердің бірі – «СемАз» Семей автоқұрастыру зауытында шығарылған «Белорус» тракторлары екенін айта кеткен жөн. Техникаға арналған аспалы жабдық АҚШ-тан ғана емес, сондай-ақ Ресейден, Беларуссиядан, Украинадан, Канададан, Германиядан және басқа елдерден сатылып алынады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика