Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қант мәселесі туралы

Қант мәселесі туралы


Кедендік баж салығын енгізу ірі экспорттаушылар арасында танымал емес, бірақ отандық өндірістің қарқынды өсуіне, ішкі нарықтағы отандық кәсіпорындарда қайта өңделген тауарлардың пайыздық арақатынасының ұлғаюына әкелуі тиіс маңызды шара болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда қант қызылшасын өңдеу(Ақсу, Көксу және Мерке) 3 қант зауытында жүзеге асырылады. Аталған кәсіпорындардың жалпы қуаты жылына 630 мың тоннаны құрайды. Зауыт өкілдерінің айтуы бойынша барлық зауыттар егін жиналған сәттен бастап өз жұмысын бастайды.
Ағымдағы жылы қант қызылшасының егістік алқабы 19,6 мың га (Алматы және Жамбыл облыстары) құрайды, ол қант қызылшасынан 59 мың тонна қант өндіріледі.
Шикі құрақ қантты өңдеу жылына жалпы қуаты 370 мың тонна құрайтын 2 зауытта (Меркі мен Тараз) іске асырылуда. Бұл ретте шикі құрақ қанттан жыл басынан шамамен 140 мың тонна қант өндірілген.
Сонымен қатар, қантты шикізат ретінде қолданатын ірі өндірушілер көтерген мәселелерді түсіне отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар нақты шаралар қабылдады.
Үшінші елдерден қант әкелудің баламасы ЕЭО аумағында өндіріледі, оның шикізаты кедендік бажсыз әкелуге жатады. Қант жеткізушілер мен тұтынушылар арасында келісімдерге қол жеткізу үшін осы аптада ЕЭО мүше елдердің қант өндірушілерімен кездесу ұйымдастырылады.
Дегенмен, қантты шикізат ретінде пайдаланатын кейбір ірі бизнес субъектілері, мысалы кондитерлік өндірушілер, ЕЭО аумағында өндірілген қантқа ауысты.
Сонда да, қантты шикізат ретінде пайдаланатын ірі бизнес субъектілерінің бөлігі, мысалы, кондитер өнімін өндірушілер Еуразиялық Экономикалық Одақ аумағында өндірілетін қантқа көшті.
Халыққа арналған қанттың тапшылығы туралы ақпаратқа қатысты, бүгінгі күні облыстардың тұрақтандыру қорларында 2,6 мың тонна шамасында қант сақталған. Бұл қант бағасының тұрақтандыруды қамтамасыз етуге жеткілікті болып табылады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved