Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Алыс ауылдағы фермер алғашқы рет несие алды

Алыс ауылдағы фермер алғашқы рет несие алды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі баспасөз-конференциясында Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Новомарковка ауданында орналасқан «Манат» шаруа қожалығының басшысына асыл тұқымды ІҚМ мал сатып алу үшін алғашқы несиелік чек тапсырылды. Фермер 23 390 000 теңге көлемінде алған несиеге отарлы жайылымға мал және жем дайындайтын техника сатып алуды жоспарлауда.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018-2027 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамытудың жаңа салалық бағдарламасына сәйкес «Сыбаға» және «Алтын асық» несие беру бағдарламалары шеңберінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолжетімді несиемен қамтамасыз етуде.

Соңғы қарыз алушы үшін субсидияны ескере отырып қарыз бойынша несие мөлшерлемесі 4% құрайды, қаржыландыру мерзімі – 15 жыл. Осылайша, қаржы ұйымдары (ҚҰ), микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және өңірлік инвестициялық орталықтар (ӨИО) арқылы немесе тікелей «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалдары арқылы ірі қара малдың аналық басы мен қойды сатып алуға жеңілдетілген несие алады.

Етті мал шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасы бойынша фермерлер өндіріс үлгісінің негізгі моделі болып табылады. Олар өткізу, оқыту және ветеринарлық қызметтерде біріктіріледі. Жер және несие беру ең үздік фермерлер арасында таңдалып алынады.

Асыл тұқымды малдардың генетикасын пайдалану және мал шаруашылығындағы тұқымдарды жақсарту негізгі шарт болып табылады. Суармалы жерлердегі жемшөп өндірісі бордақылау алаңдарына шоғырланатын болады. Бұдан басқа, бұқаны тікелей бордақылау алаңдарына тапсырған жағдайда фермерге 1 кг тірі салмағына 200 теңге мөлшерінде мемлекеттен қосымша ақы төленеді.

Несие фермерлерге тек ірі қара мал мен қойдың асыл тұқымын сатып алуға ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын сатып алуға және айналым капиталын толықтыруға мүмкіндік береді.

Жаңа бағдарламада қарыз алушыға кепілдікті қамтамасыз ету үшін лояльды режиммен жұмыс жасайды, кепілді қамтамасыз етудің құны төмен болған жағдайда, қарыз алушы «ҚазАгроГарант» АҚ кепілдігін қарыз сомасынан 85% мөлшерінде пайдалана алады.

Етті мал шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасында тұжырымдалған басымдықтар мен механизмдер Мемлекет басшысының отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттыру, бірінші кезекте агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін және экспорттық өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін кемінде 2,5 есе арттыру жөніндегі міндеттерін тікелей жүзеге асыру болып табылады.

Анықтама:
Бүгінде Қазақстан жайылым аумағы бойынша әлемде бесінші орында, оның аумағының тек 30 пайызы ғана қолданылады. 2007 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы елімізде сиыр етін тұтыну 7% -ға артты, өндіріс 17% -ға дейін өсті. Сонымен бірге қой етіне де ұқсас жағдай: қой етіне сұраныс 22% -ға артып, өндіріс 24% -ға дейін өсті. Цифрларға сүйенсек, Қазақстан сиыр еті мен қой еті бойынша өзін-өзі қамтамасыз ете бастады, малдың санын көбейту арқылы ет түрлерінің экспорттық әлеуетін арттыруға ұмтылады.

minagripress@gmail.com
ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved