Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында жаңа технологияларды енгізу арқасында сұрыптар өнімділігі бірнеше есе көбейді

Алматы облысында жаңа технологияларды енгізу арқасында сұрыптар өнімділігі бірнеше есе көбейді

Агроөнеркәсіптік кешенді сандық жүйеге көшіру аясында осы жылы «Қаскелең тәжірибелік шарушылығы» ЖШС базасында «Нақты егін шаруашылығын жүзеге асыру үшін инновациялық агротехникалық паркі» («Қаскелең» агропаркі) пилоттық жобасы құрылды. Оның негізгі бағыттары – жүгері, соя, жаздық бидай, арпа және басқа да перспективалы дақылдарды өсіру.
Ғылыми-өндірістік агропарктерінің дамуы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін арттыру және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды кемінде 2,5 есеге арттыру жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау аясындағы басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Агропарктың тәжірибе алаңында сынақтан өткен сұрыптар қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсетіп отыр.
Мысал келтірер болсақ, жаздық арпа гектарына 51 центнер, ал бидай гектарына 39,6 центнер түсім беру секілді өнімділіктің жоғары көрсеткішіне жетіп отыр. Сондай-ақ мұндай жетістікке суарусыз жетіп отырғанын айта кеткен жөн.
Биыл соя да жақсы өнім береді деп күтілуде. Сояны дәстүрлі суару арқылы да өнімділігі кемінде 4 тн/га жоғарғы көрсеткішке жетеді деп болжануда. Тамшылап суару арқылы – 6 тн/га. Жүгерінің тұр-тұқым өнімділігі 10 тн құраса, тамшылап суару – 16 тн құрайды.
Айта кетсек, осы уақытқа дейін Алматы облысында соя мен астық өнімділігінің орташа көрсеткіштері 2 тн/га, жүгері – 6 тн/га құрады.
Тәжірибелі алаңда қолданылатын технологиялар Қазақстанның басқа өңірлеріне де енгізілуі мүмкін.
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты базасында ауыл шаруашылығына инновацияларды енгізу мәселесі бойынша өткен жиын барысында Ө.Е.Шөкеев мұндай тәжірибелі алқаптар Қазақстанның барлық облысында құрылатынын атап өтті.
«Бүгінде бізде үш тәжірибелі алаң бар, олар – Алматы облысында, Қостанайда және Ақмола облысында А.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы», – деді ведомства басшысы.
Есептеу бойынша, ауыл шаруашылығына агроинновацияларды жеделдетіп енгізу Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі өсімдік шаруашылығы өнімділігін 2 – 2,5 есеге ұлғайтады.
Жалпы сарапшылардың бағалауы бойынша 2025 жылға дейін экономикалық тиімділік 40 млрд. теңгеден кем емес соманы құрайды.

Инфографика

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved