Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында жаңа егін науқанынан бірінші қант алынды

Алматы облысында жаңа егін науқанынан бірінші қант алынды

Биылғы қант қызылшасының бірінші өнімі Көксу қант зауытынан алынды. Өз кезегінде, Алматы облысы әкімі Амандық Баталов кәсіпорындағы оңды өзгерістермен танысып қайтты.

«Осы жылы миллиардқа жуық ақша бөліп, кәсіпорынды жаңарттық. Енді бүкіл жүйе автоматтандырылып, өнім алу үрдісі бір оператормен басқарылып отырады. Сонымен қатар, фильтрлерді алмастыру негізінде электр қуаты үнемдеп, өнімділік арта түсті», – деп атап өтті Көксу қант зауытының құрылтайшысы Нұрлан Тілеубаев.

Бұл ретте, Амандық Баталов операторлар орнын, қайта өңдеуші цехтарды және дайын өнімдер шығаратын цехтарды аралап, осындай нәтижелерге мемлекет қолдаууы арқылы қол жеткізілгенін еске салды.

Аталған орынға өз өнімдерімен келген шаруалар жаңа технологиялармен танысып, жағымды жаңалықтарға ризашылықтарын білдірісті.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus