Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында Орталық Азия елдері үшін халықаралық ауыл шаруашылық қызметтестік орталығы ашылды

Алматы облысында Орталық Азия елдері үшін халықаралық ауыл шаруашылық қызметтестік орталығы ашылды

2017 жылдың 24 сәуірінде Алматы облысында Орталық Азия елдері үшін халықаралық ауыл шаруашылық қызметтестік орталығының (әрі қарай – Орталық) салтанатты ашылуы болды. Орталық «Ұшқоңыр» білім тарату орталығы базасында құрылған тамшылатып суармалау Қазақстан-Израильдік орталығы негізінде пайда болды.

2015 жылдың мамыр айында «Ұшқоңыр» БТО базасында біздің ел шаруа-фермерлік шаруашылықтарына тамшылатып суармалау бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізу мақсатында бірлескен орталық құру туралы Израиль елшілігі мен «МАШАВ» фирмасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын. Ол үшін Орталық аумағында 30 сотық жерге пленка үстіне құм төселіп, демонтрациялық көрсету үшін тамшылап суармалаудың 5 түрі орнатылған.

Енді Орталық халықаралық статусқа ие болып, Орталық Азия елдері мамандарын даярлау орнына айналды. Орталықтың салтанатты ашылуына Қазақстандағы Израиль Елшісі Михаэль Бродский, ҚР ШІМ СЭСД директоры Олжас Исабеков, Қазақстандағы «БҰҰ даму бағдарламасы» Тұрақты Өкілділігінің орынбасары Михаэль Бродский, «ҰАҒБО» КЕАҚ Басқарма Төарғасы орынбасары Дәмір Егізбаев қатысты.

Осы күні аталған Орталық базасында «МАШАВ» агенттігі мен «БҰҰДБ» қаржыландыруымен Орталық Азия мамандарына арналған «Орталық Азия елдері фермерлері мен ауыл шаруашылық мамандарын су- және энергияны үнемдеудің инновациялық технологияларына оқыту арқылы агробизнестің өнімділігі мен тиімділігін жоғарлату» алғашқы ғылыми-тәжірибелік семинары өз жұмысын бастайды.

Семинар жұмысына Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстанның фермерлері мен ауыл шаруашылық мамандары, сонымен қатар сұрыпты сынау комиссия өкілдері, тәжірибелік су үнемдеу сарапшылары, жоғары мектеп ғалымдары, ауыл шаруашылық басқарма басшылары мен агросектор көшбасшылары қатысуда. Тренинг барысында қатысушылар тамшылап суармалаудың израильдік технологиясын қолдану саласындағы алды білімдері мен әдістері және Қазақстанда енгізу тәжірибесімен танысатын болады.

Семинар екі локацияда өтетін болады – 24-26 сәуір аралығында «Ұшқоңыр» БТО базасында (Алматы облысы) және 27-28 сәір күндері «Арнасай» БТО-да (Ақмола облысы).

Анықтама: «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС «Ұшқоңыр» білім тарату және ғылыми жетісіктерін өндіріске енгізу бойынша орталық 2009 жылдан бері білім тарату жүйесін құрастыру бойынша жобаны іске асырып келеді. Құрылған жүйе негізіне ауыл шаруашылығы дамыған көптеген шет елдерінде қолданылатын үздік әлемдік тәжірибе «Extension» жүйесі алынған.
Бүгінгі күні Орталықта барлығы 122 семинар өткізіліп, 2852 ауыл шаруашылық мамандары білім алған.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика