Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар А.Мырзахметов: Көкеніс сақтаушы қоймалар мен жеке қосалқы шаруашылықтар біріктірілуі тиіс

А.Мырзахметов: Көкеніс сақтаушы қоймалар мен жеке қосалқы шаруашылықтар біріктірілуі тиіс

IMG_0330

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовке азық-түлік бағасын қолжетімді ету жолдарын айтты.

«Егер біздер бағаны қалыптастыру тізбесіне қарайтын болсақ, 2 есе айырмашылығы бар екендігін байқайтын боламыз. Нарықта жалпы өндірістің үлкен үлесін алып отырған жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа және фермерлік қожалықтардағы негізгі проблемалар ет, жұмыртқа және көкеністер өнімдерін өндіру», – деді министр.

Сонымен бірге, ол ЖҚШ және ШФҚ өз өнімдерін тікелей сауда желілеріне шығармағандықтан, алыпсатарлар арқылы нарыққа шығатынын жеткізді.

Оның айтуынша, алыпсатарлар сатып алу бағаларын нарықтың бағасына сәйкес анықтайды. Нәтижесінде өнім жоғары бағамен сатылады.

«Мысалы, ЖҚШ және ШФҚ сиыр етін 1 кг 750-800 тенгеден сататын болса, алыпсатарлар оны 1200-1300 тенгеден сататын болады. Өндірушілер шығарған шығынға қарамастан, алыпсатарлар шығын шығармай 2 есе пайда көріп отыр», – деп ойын жалғады министр.

«Реттеуші цехтармен және автокөлік парктері бар көкеніс сақтаушы қоймаларды жеке қосалқы шаруашылықтарымен біріктіретін болсақ, осы проблемалардың шешімі болар еді», – деп түйіндеді А.Мырзахметов.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus