Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Алдағы 8 жылда агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 3 трлн. теңге жұмсалады

Алдағы 8 жылда агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 3 трлн. теңге жұмсалады

Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында мәлім болды.

Үкімет басшысы Серік Ахметовтың айтуынша, 2020 жылға дейінгі саланы сауықтыруға бағыталатын бағдарлама биыл ақпан айында қабылдануы тиіс. Құжат – ауылдағы ағайынның кәсібін дөңгелетуіне дем бермек. Тұтастай алғанда, биылғы құрғақшылыққа қарамастан бақша дақылдары, май және мал азығы бойынша салада өсім байқалады. Астық та былтырғы дай рекордты көлемде болмаса да, ішкі нарықтың сұранысын толықтай қамтыды. Тіпті, 8 млн. тонна бидайды экспорттауға мүмкіндік берді. Десек те, шешілмеген түйткілдер де жоқ емес. 20 жыл ішінде елдегі жем-шөп егістіктерінің көлемі 5 есеге дейін қысқарған. Премьер-министр, осыған орай министрлікке бір айдың ішінде мал азығы өндірісіндегі жағдайды тұрақтандыру бойынша шараларды ұсынуды тапсырды.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus