Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Қой шаруашылығын дамытуға арналған жоба қаржыландырылды

Қой шаруашылығын дамытуға арналған жоба қаржыландырылды


Берік Оспанов 2003 жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысуға ден қойған. Мамандығы – заңгер-экономист. Алғашында 20 қой мен 5 ірі қара сатып алып, іс бастаған. Қазір шаруасы аяғынан тік тұрған. Өткен жылы «Сыбаға» бойынша 5 млн тенгеге 59 сиыр мен 2 асыл тұқымды бұқа сатып алыпты. «Ал биыл «агробизнестің» игілігін көрдім. Бұл шаруаларға үлкен жеңілдік»,- дейді шаруаның өзі.

Берік Оспанов, Шаруа қожалығының басшысы:
-Ай жарым бұрын мен агрокредитный корпорациядан 8 миллиондай қаражат алдым. Сол 8 млн-ға енді 300 бас аналық, сосын Еділбайдан 20 қошқар алдым. Бұл біраз жеңілдік.

Биылдан бастап «Алтын асық» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама бойынша несие 14 пайыздық жеңілдікпен аналық саулық пен асыл тұқымды қошқар сатып алуға беріледі. Оның 7 пайызына субсидия беріліп, жеңілдік қарастырылған.

Самат Шәумен, Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:
-Бұл бағдарлама бойынша бүгінгі күнде аудандардан 10 шаруашылық 3 мың қой басын сатып алуға тілек білдіріп отыр. Субсидиясын алады.

Бүгінде бұл жоба республиканың 7 облысында қарқынды іске аса бастады. Қазір 31 мың бас қой алу үшін өтініш берген 193 жоба мақұлдынды. Оның ішінде159 шаруашылық 680 млн тенгеге 25 мың бас қой сатып алып үлгерді. Бұл қой өсіріп, оны асылдандырам деушілерге ең қолжетімді мүмкіндік.

Тілші: Нұргүл Қонақбаева
Оператор: Александр Степаненко

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus