Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан-Венгриялық қордың бастапқы капиталы 40 млн.АҚШ долларын құрады

Қазақстан-Венгриялық қордың бастапқы капиталы 40 млн.АҚШ долларын құрады

Баспасөз хабарламасы

31.03.16 ж.                                                                                                                                      Астана қ.

Қазақстан-Венгриялық қордың бастапқы капиталы
40 млн.АҚШ долларын құрады

Ауыл шаруашылығы секторына стратегиялық инвесторларды тарту және жеке инвестициялар көлемін ұлғайту жөніндегі міндет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында және  5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарында айтылған.

Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, Венгрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, және Қазақстан Республикасындағы Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісінің қатысуымен Қазақстан-Венгриялық тікелей инвестициялар қорының Консультациялық кеңесінің бірінші отырысы нәтижесінде бірлескен коммюнике қабылданды.

Құжатқа «ҚазАгро» холдингінің Төрағасы және  «Эксимбанк» Бас директорының орынбасары қол қойды.

Қазақстан-Венгриялық қордың бастапқы капиталы 40 млн.АҚШ долларын құрады (әр тараптан 20 млн.АҚШ доллары). Осы ретте, Қормен жобаларды тікелей іске асыру үшін қазақстанның және шетелдік инвесторлардан қосымша шамамен 100 млн.АҚШ долларын тарту жоспарланады.  Қор өз қызметін өндіру, қайта өңдеу, сақтау және логистика саласында жүзеге асыратын Қазақстаннның аграрлық секторы компаниялары мен тамақ өнеркәсібінің капиталына  инвестициялар салуды жүзеге асырады.

Жағымды инвестициялық климаттың орнауы республикамыздың ауыл шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығының артуына себеп болды. Мәселен, 2015 жылы ауыл шаруашылығы секторына құйылған инвестициялар көлемі 167 млрд. теңгені құрады. Азық-түлік өндірісіндегі негізгі капиталға инвестиция көлемі 28%-ға артып, 55,9 млрд. теңгені құрады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «100 нақты қадам» ұлт жоспарына сәйкес стратегиялық инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізуде. Бүгінде қазақстандық  ет, қызанақ, майлы және дәнді дақылдарды қайта өңдеу саласындағы өнімдерді экспортқа шығаруды қамтамасыз ететін «Rifa Holding Group», «Айцзюй», «CITIC» и «COFCO» секілді қытайлық компаниялар мен итальяндық «Inalca Eurasia» трансұлттық корпорациясы өз жұмысын бастауда.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus