Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қазақстан-Венгрия тікелей инвестициялар қорының активтері 40 млн долларды құрады – ҚР АШМ

Қазақстан-Венгрия тікелей инвестициялар қорының активтері 40 млн долларды құрады – ҚР АШМ

Астанада Қазақстан-Венгрия тікелей инвестициялар қорының Консультациялық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі.

ҚР аграрлық ведомство басшысының, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық корпустары өкілдерінің қатысуымен өткен отырыс нәтижесінде бірлескен коммюнике қабылданды. Құжатқа «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің төрағасы мен «Эксимбанк» бас директорының орынбасары қол қойды.

Бұрын да айтылып өткендей, Қорды «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі мен Венгрияның «Эксимбанкі» Қазақстан аумағындағы ауылшаруашылық жобаларын қаржыландыру мақсатында құрған.

«Қордың бастапқы капиталы 40 млн долларды құрады (әр тараптан 20 млн доллар). Осы ретте, қормен жобаларды тікелей іске асыру үшін Қазақстанның және шетелдік инвесторлардан қосымша шамамен 100 млн доллар тарту жоспарланады», – деп хабарлайды АШМ-де.

Атап айтқанда, Қор өз қызметін өндіру, қайта өңдеу, сақтау және логистика саласында жүзеге асыратын Қазақстаннның аграрлық секторы компаниялары мен тамақ өнеркәсібінің капиталына инвестициялар салуды жүзеге асырады.

«Бүгін күннің бірінші жартысында жемісті жұмыс жасалды, Қазақстан-Венгрия инвестициялық консультациялық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Қазақстан үшін бұл аса маңызды оқиға. Өткен жылы ҚР Премьер-Министрінің Венгрияға сапары аясындағы келісімдерге сәйкес бірлескен инвестициялық Қорды ұйымдастыру бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылды. Жақында ғана Қордың құрылуына куә болып едік, ал бүгін оның жұмысын көріп отырмыз», – деді ведомстводағы брифинг барысында ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Оның айтуынша, аграрлық сектор Қазақстанда инвестициялық тартымды салаға айналып келеді, сондықтан Қордың құрылуы өте өзекті және маңызды қадам болып табылады.

«Менің ойымша, бұл Қор табысты, рентабельді болады және осы бастапқы қадамдарымен Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына ауқымды инвестициялар тартуға мүмкіндік береді», – деп баса айтты АШМ басшысы.

Ведомствода айтып өткендей, бүгінгі таңда «Rifa Holding Group», «Айцзюй», «CITIC», «COFCO» сияқты ірі қытай компаниялары және «Inalka Eurasia» итальяндық трансұлттық корпорациясы қазақстандық өнімдерді әрі қарай ілгерілетумен ет, майлы және дәнді дақылдарды, томаттарды қайта өңдеу саласында өз жұмысын бастады.

«Қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру еліміздің ауыл шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыруға септігін тигізді. Ауыл шаруашылығы секторына инвестициялар көлемі 2015 жылы 167 млрд теңгені құрады. Тамақ өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 28%-ға артып, 55,9 млрд теңгені құрады», – деп мәлімдеді министрлікте.

Источник: https://primeminister.kz/news/show/29/aktivy-kazahstansko-vengerskogo-investitsionnogo-fonda-prjamyh-investitsij-sostavili-40-mln-dollarov-msh-rk-/31-03-2016?lang=kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus