Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Отандық ғалымдар зығырдың жаңа сұрпын ойлап тапты

Отандық ғалымдар зығырдың жаңа сұрпын ойлап тапты

48645
Қостанайлық ғалымдар зығырдың жаңа сортын ойлап тапты. Жергілікті ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері «Қостанай-11» тұқымы құрғақшылыққа төзімді және өнімділігі жоғары деп отыр.

Мамандар майлы дақылдың тұқымын тұқымбақта қолдан көбейтіп жатыр. Қазірдің өзінде жергілікті шаруалармен қатар ресейліктер де элиталық тұқымға қызығушылық танытып, сатып алуға әзір отыр дейді ғалымдар. Ғылыми зерттеу институтының иелігінде 200 гектардан астам жер бар. Тәжірибе алаңында бидай, күнбағыс, зығыр мен картопқа дейін егіліп, сынақтан өткізіледі. Әр дақылдың өсіп жетілуі мен өнімділігі күнделікті журналға жазылып отырады.

«Біз дәнді жерге егіп болғаннан кейін фитологиялық бақылау жүргіземіз. Барлық көрсеткіштер бойынша жеке-жеке талдау жасаймыз. Өсіп-өнуінен бастап, оның бойына, тіпті, түріне дейін мән береміз», – дейді Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері Бақытгүл Тынысбаева.

Жылусүйгіш өсімдіктің дәнінен май сығылады. Ал талшығынан кендір жіп жасалынады. Зығырдың жергілікті жерге төзімді және өнімді мол беретін тұқымын шығару үшін ғалымдар жылдар бойы тер төккен.

«Бақылау тұқымбағында біз жылдар бойы тәжірибе жүргіземіз. Дәнді егуден бастап, оның өнім беруіне дейін күтеміз. Тіпті ішіндегі арам шөптерді де қолмен жұлып шығамыз», – деп атап өтті Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аға лаборанты Айнагүл Мұхамеджанова.

Мамандар өздері ойлап тапқан зығырдың жаңа сортын «Қостанай-11» деп атапты. Өсімдіктің бұл тұқымы құрғақшылыққа төзімді және өзгелермен салыстырғанда өнімді бірнеше есе көп береді дейді ғалымдар.

«Мысалы, шетелдік сорттар біздің жергілікті ауа райына бейімделмеген. Құрғақшылық болып қалса, олар өнімді аз береді. Ал біздің жаңа сортты тұқымдарымыз кемінде 18-20 центнерден өнім береді», – деді Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аға лаборанты Марат Ташмұхамедов.

Қостанайлық ғалымдардың айтуынша, зығырдың жаңа сортына тіпті көрші Ресейдің шаруалары да қызығушылық танытқан.

Источник: http://bnews.kz/kz/news/ekonomika/apk/otandik_galimdar_zigirdin_zhana_surpin_oilap_tapti-2016_06_06-1274835

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus